Пышақ

Қостанайда полицей сүйіктісін қызғаныштан өлтіріп, өз-өзіне қол салды

180
(Жаңартылды 16:20 17.04.2018)
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Қостанайда полиция қызметкеріне қатысты төтенше оқиға болды, деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында.

"Жалдамалы пәтерде жанжал кезінде полицей бірге тұратын әйелін қызғаныштан пышақтап өлтіріп, кейін балконда өз-өзіне қол салған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", — деді Сәдубаев. 

Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде іздеуде болған қылмыскерлер ұсталған.

Айта кетске, жедел іздеу шаралары барысында Астана ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері 2015 жылы елордада кісі өлтірген төрт күдіктіні ұстады. 

Алматы облысы ІІД жедел қызметкерлері биыл 10 сәуірде Талдықорғанда қарақшылық шабуыл жасаған үш жергілікті тұрғынды ұстапты.

Ал Алматы облысы Үшарал қаласында қарақшылық шабуыл ұйымдастырмақ болған бір тұрғын құрықталған.

180
Кілт сөздер:
қызғаныш, өз-өзіне қол салу, полицей, Қостанай