сәби, архив суреті

Қостанай облысында ұйықтап қалып, сәбиін өлтіріп алған әйел ұсталды

59
(Жаңартылды 10:04 18.04.2018)
28 жастағы келіншек баласын емізіп жатып ұйықтап кеткен, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Қостанай облысында ұйықтап кетіп, абайсызда сәбиін өлтіріп алған әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

"Сарыкөл ауданының 28 жастағы тұрғыны 5 айлық сәбиін емізіп жатып ұйықтап кеткен. Полиция оның ішіп алғанын анықтады. Таңертең оянған әйел нәрестесінің шетінеп кеткенін көреді. Баланың анасы ұсталды", — деп хабарлады тәртіп сақшылары. 

Бұл оқиға 5 сәуірде болған. Аталған факті бойынша "Абайсызда адам өлтіру" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. 


59
Загрузка...