Жедел жәрдем

Жамбыл облысында микроавтобус аударылды: қаза тапқандар бар

53
(Жаңартылды 11:04 23.04.2018)
Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында сенбі күні таңертең жол апаты болды

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Жамбыл облысында жолаушылар мінген микроавтобус аударылды. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапқан.

Жол апаты сенбі күні таңертең Қордай ауданы, Соған ауылы төңірегінде Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында болды.

"Микроавтобуста жүргізуші мен он жеті жолаушы болған. Зардап шеккендер орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлады облыстың ішкі істер депаратменті.

Полиция жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.


53
Кілт сөздер:
қаза тапқандар, көлік аударылды, жол апаты, Жамбыл облысы
Загрузка...