Қоқыс

БҚО-да екі бала қоқыс төгетін шұңқырға құлап, тұншығып өлді

101
(Жаңартылды 15:01 28.04.2018)
Қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында екі бала көршінің ауласындағы септикке құлап тұншығып өлді.

Қайғылы оқиға 25 сәуір күні Қаратөбе ауданындағы Ұшан ауылында болған. 

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, 2013 және 2015 жылғы балалар ата-аналарынсыз далаға ойнауға шығып, қоқыс төгетін шұңқырға құлап кеткен. 

"Балалар көшеде көрінбегеннен кейін, оларды іздей бастайды. Ауыл тұрғындары екі бүлдіршіннің денесін кешкі сегіздер шамасында көрші ауладағы қоқыс төгетін шұңқырдан тапты", — деп келтірді аудан басшысының сөзін "Мой город" порталы. 

Қазіргі таңда прокуратура мен полиция тиісті сараптамалар жүргізіп жатыр. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан балалардың ата-анасын жауапқа тарту мәселесін құзырлы органдар шешеді. 

Белгілі болғандай, екі бүлдіршін де тұншығып өлген. 

Әкімдіктің мәліметінше, көз жұмған ұл мен қыз ағайынды емес екен.

101
Кілт сөздер:
тұншығып өлді, септик, балалар, Батыс Қазақстан облысы
Теміржол

Оралда әйелді пойыз басып кетті

169
Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Оралда теміржол өткелінде қайғылы оқиға болды – әйелді пойыз басып кетті. Бұл туралы "Мой Город" басылымы хабарлады.

ҚТЖ пойызы
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Оқиға Желаев тасжолы аумағында түскі уақытта болған. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем диспетчеріне қоңырау 22 қыркүйек  күні сағат 13.15-те түскенін хабарлады.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері белгісіз әйелдің мәйітін тауып алған.  

Олар марқұмның жасы шамамен 50-де болғанын айтады. Дәрігерлер зардап шегушінің аяқ-қолы кесіліп қалғанын жеткізді.

Оқиғаға көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді. Олар қылмыстық заңнамаға сәйкес пойыз қағу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қалған ақпарат Қазақстан Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

169
Кілт сөздер:
Орал, пойыз
Тақырып бойынша
Жамбыл облысында екі адамды пойыз басып кетті
Қарағандыда оқушы қыз жұмбақ жағдайда қаза болды
Көкшетауда теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды пойыз басып кетті
Теміржолда тұрған 59 адамды пойыз басып өлтірді
"Әйелім қалып қойды": жүріп кеткен пойызды тоқтатқан астаналық айыппұл төледі
Үрейде отырған қыз, иллюстративті фото

Ақтөбе облысында сыныптасын соққыға жыққан қыздардың видеосы желіде тарап кетті

1225
(Жаңартылды 11:43 22.09.2020)
Қазіргі кезде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме жүргізуде

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында сыныптасын соққыға жыққан оқушы қыздардың видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеода екі қыздың ұстасып тұрғанын көруге болады. Одан кейін монтаждалған нұсқасы жалғасады. Ол жерде бір қыз екіншісін шашынан сүйреп, ұрып жүр. Ал екінші видеода капюшон киген тағы бір қыз жерде жатқан қызды тізесімен басып отыр.

"Сонда қыздардың проблемасын ағаң шешіп бере ме? Ағасы қатты екен", – дейді сары капюшон киген қыз. Арғы жағында "түсіріп ал, түсіріп ал" деп жылаған адамның дауысы естіледі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AKTOBE Zello - НОВОСТИ АКТОБЕ (@aktobe_zello_)

Бұл оқиға Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Шұбарши кентінде болған. Аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмағандардың өз сыныптасын ұрып-соғу фактісі бойынша тексеріс жүргізуде.

"Алдын ала мәліметтер бойынша 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соққан. Сөйтіп, болған оқиғаның бәрін ұялы телефонның камерасына түсірген", – дейді полицейлер.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, қазіргі кезде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Оқушы мұғалімді сабақ үстінде соққыға жықты: оқиғаның мән-жайы

1225
Кілт сөздер:
жасөспірімді соққыға жығу, жасөспірімдер
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда спортшы 4 жасар қызды соққыға жықты - видео
Соққыға жығылған Бурабайдың бұрынғы әкімі көз жұмды
Шымкентте автобус жүргізушісін соққыға жықты – полиция бұзақыны ұстады
Қордайдағы оқиға: ақсақалдың екі ұлын соққыға жыққандар ұсталды
Көкшетауда 3 әйел ер адамды жабылып соққыға жықты - оқиға немен аяқталды
Ауа райы

Қазақстанда үсік жүреді: алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты

0
(Жаңартылды 15:05 23.09.2020)
Апта соңына қарай елдің басым бөлігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтағанымен, республиканың кей өңірлерінде үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек - Sputnik. Синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа-райының күрт өзгеретінін болжады. Елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбырдың соңы үсікке ұласады.

"Аптаның ортасынан бастап Атлантикалық циклон Қазақстанның солтүстігі мен шығысына әсер етуін жалғастырады. Сондай-ақ, күзгі салқын ауа-райы қалыптасып, жауын-шашын мен жел күшейеді. Ал апта соңына қарай елдің басым бөлігінде ауа-райы батыс антициклонмен анықталады және жаңбыр біртіндеп тоқтайды деп болжанды. Елдің оңтүстік-шығысындағы кей жерлерде үсік жүреді", – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Құрғақ және жылы ауа-райы елдің батыс өңірінде ғана сақталады.

24 қыркүйекте мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда жаңбырлы ауа-райы сақталады, күндізгі температура: +7 .. + 9 ° C, түнде: +1 .. + 3 ° C. Желдің жылдамдығы 9-14 м / с, күндіз екпіні 15-20 м / с жетеді.

Алматыда күн бұлтты болады, жаңбыр күтілмейді. Температура түнде: +8 .. + 10 ° C, күндіз: +21 .. + 23 ° C.

Шымкентте бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы: +8 .. + 10 ° C, күндіз: +21 .. + 23 ° C болады. Желдің жылдамдығы: 8-13 м / с.

Күзде ауа-райы қандай болады

Бұған дейін Қазгидромет қыркүйекке арналған ұзақ мерзімді болжамын жариялаған болатын.

Синоптиктердің айтуы бойынша, айдың бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде температураның төмендеуі байқалды. Ал енді айдың соңына қарай мұндай ауа райы елдің оңтүстік облыстарында қалыптасады.

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжанды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қостанайдың солтүстігінде, Алматының оңтүстік-шығысында, Жамбыл, Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жиі жауады. Ал Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облысы мен Қарағанды ​​облысының батысында нормадан аз түседі.

0
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, ауа райы