Балықшылар

Ақмола облысындағы көлде балықшы жоғалды

22
(Жаңартылды 21:06 30.04.2018)
Жоғалған 49 жастағы ер адамды Ақмола облысы мен Астананың құтқарушылары іздеп жатыр

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында жедел қызметтер екі тәуліктен бері жоғалған балықшыны іздеп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.   

"Қорғалжын ауданындағы Садырбай көлінде 27 сәуірден бері балық аулау кезінде суға батып кеткен 1969 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздеуге Астана мен жергілікті шұғыл қызметтің құтқару жасағы жұмылдырылды", — деп ақпарат таратты ТЖД.

Өкінішке қарай, әзірге іздеу жұмыстары ешқандай нәтиже бермеген. Төтенше жағдайдың мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.   


22
Загрузка...