Пышақ

ШҚО-да жүкті әйел баланы алдыртуға ақша бермеген сүйіктісін пышақтап өлтірді

445
(Жаңартылды 12:57 05.05.2018)
Әйел сот үкімімен кінәлі деп танылды, енді ол жалпы режимді колонияда бес жыл жазасын өтейді

АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жүкті әйел өзін ұрып-соққан азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды YK-news.kz ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Глубокое ауданы Ушаново ауылының тұрғыны азаматтық некедегі күйеуінен түсік жасатуға ақша сұраған. Мас ер адам ақша беруден бас тартып, ұрыс кезінде ашуға булығып, әйелін ұрып-соғады. Осы кезде қорғанбақ болған келіншек күйеуіне пышақ сұғып алған. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. 

Сот материалында айтылғандай, азаматтық некедегі күйеуімен әйел үш жыл бұрын қосылған. Бас кезінде ерлі-зайыпты тату-тәтті өмір сүріпті, екі баланың ата-анасы атанған. Кейін ер адам ішімдікке салына бастайды. Сөйтіп, үйдің берекесі қашып, ұрыс-керіс жиілеген. Араққа сылқия тойып алған күндері әйеліне жұдырық ала жүгіріп, ұрып-соғуды әдетке айналдырған. 

Қайғылы оқиға күні ер адам әйелінің үшінші балаға жүкті екенін білген. Бұл жаңалыққа қуанудың орнына қатты ашуланған. Келіншек түсік жасатуға ақша сұраған кезде, оны балағаттап, тіпті жамбасынан теуіп жіберген. 

Осы кезде қорлыққа шыдамаған әйел ас үйдегі пышақты ер адамның кеудесіне сұғып алған. Кейін күйеуінің апасына телефон соғып, мән-жайды айтып берген. 

Сот әйелді айыпты деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

445
Кілт сөздер:
қылмыс, кісі өлтіру, пышақтау, жүкті әйел, Шығыс Қазақстан
Загрузка...