Оқиға

Аягөздің маңында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды – видео

© SputnikЖол апаты, архивтегі сурет
Жол апаты, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аман қалған үш жасар сәби Аягөз қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы маңындағы тасжолда сұмдық жол апаты болды. ВАЗ-21 жеңіл автокөлігі фурамен соқтығысқан деп хабарлайды altaynews.kz.

Жол-көлік оқиғасы Өскемен-Алматы тасжолында Жарма ауданының аумағында болған. Алдын ала болжамға сүйенсек, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай,  жанынан өтіп бара жатқан жүк көлігіне жоғары жылдамдықпен соғылған.

Оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, ВАЗ-21 автокөлігіндегі төрт адам көз жұмды, аман қалған тек үш жасар сәби ғана. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Сәби Аягөз қаласындағы ауруханаға жеткізіліпті.

Қазір оқиға орнында жол полициясының өкілдері мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр.


Жаңалықтар
0