Мылтық

Теміртау тұрғыны бір топ жігітке оқ жаудырды

62
(Жаңартылды 16:20 14.05.2018)
Қала тұрғыны жас жігіттермен жанжалдасып, атыс шығарған

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Теміртауда бес адамға оқ атты деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 10 мамырда жедел жәрдем Теміртау қаласы төртінші кварталдағы үйден оқ жарақатын алған 18 бен 25 жас аралығындағы бес жігітті ауруханаға жеткізді. Атыс шығарған 20 жастағы қала тұрғыны ұсталып, жанжал салдарынан жәбірленушілерге бытыралы мылтықпен  оқ атқанын мойындады.

Қазір күдікті қамауға алынған. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы және 24-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

62
Кілт сөздер:
атыс, Теміртау
Загрузка...