өрт, архив суреті

Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт болды: қаза тапқандар бар

417
(Жаңартылды 16:32 22.05.2018)
Өрт ұңғыманы күрделі жөндеу кезінде шыққан

АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Маңғыстау облысында мұнай кен орнында өрт шығып, бір адам қаза тапты, үш адам ауруханаға жеткізілді. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Комитеттің хабарлауынша, 20 мамырда сағат 02.58-де 19 мамыр сағат  22.22-де "Коммұнай" ЖШС-ның "Комсомольское" кен орнында ұңғыманы күрделі жөндеу кезінде 40 шаршы метр аумақта өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. 

Өрт сағат 00.23-те сөндірілген. 

"Өрт салдарынан "М-Техсервис" мердігер компаниясының жұмысшылары күйіп қалды. 1986 жылы туған азамат алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Тағы 1973, 1973, 1980 жылғы үш адам ауруханаға жатқызылды", — деп хабарлады ТЖК. 

Өртті "Өрт сөндіру қызметі" ЖШС мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі (8 қызметкер мен 2 техника) сөндірген. 


417
Загрузка...