Оқиға

Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде қыздың мәйіті табылды

© Sputnik / Медиабанкке өтуҚуыршақ
Қуыршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздың жансыз денесі дүйсенбі, 21 мамыр күні Восток ауылында табылған

АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қостанай облысы Қарасу ауданының Восток ауылында 11 жасар қыздың мәйіті табылды, деп хабарлады alau.kz порталы. 

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, облыстық ішкі істер департаменті мен Қарасу ауданының тәжірибелі полицейлерінен арнайы шұғыл тергеу тобы құрылды.

Тергеуді облыстық ІІД басшылығы бақылауына алды. 

Бұған дейін хабарланғандай, Қостанайда жексенбі, 20 мамыр күні үйдің ауласында ер адамды пышақтап кетті, ал дүйсенбіде қазылған ордан жас жұмысшының мәйіті табылды.  


Жаңалықтар
0