Оқиға

Фотофакт: Астанада жауған бұршақ Пирамиданың шынысын қиратты

© SputnikАстанада жауған бұршақ Пирамиданың шынысын қиратты
Астанада жауған бұршақ Пирамиданың шынысын қиратты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада күтпеген жерден дауыл тұрып, нөсер жаңбыр құйып өтті

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Астанада күтпеген жерден тұрған дауылдан халық арасында "пирамида" деп аталып кеткен бейбітшілік және келісім сарайы бүлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Сатыр-сұтыр жауған бұршақ бірегей ғимараттың шынысын сындырды. 

Бұл фактіні ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады. 

© SputnikАстанада дауылдан Бейбітшілік және келісім сарайы бүлінді
Астанада дауылдан Бейбітшілік және келісім сарайы бүлінді - Sputnik Қазақстан
Астанада дауылдан Бейбітшілік және келісім сарайы бүлінді

Астанада бүгін таңертең күн ашық болып, ауа температурасы 23 градусқа дейін көтерілді. Бірақ түс кезінде күтпеген жерден аспанға қара бұлт үйіріліп, қатты жел тұрып, бұршақ аралас нөсер жаңбыр құйды.

Синоптиктердің хабарлауынша, Астанада кешке қарай ауа температурасы 11 градусқа, ал ертең 8 градсқа дейін төмендейді. 


Жаңалықтар
0