Сәби

Астанада өзеннен сәбидің денесі табылды

138
(Жаңартылды 14:55 29.05.2018)
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Астанада Есіл өзенінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Жаңа туған қыздың денесі 24 мамырда 14.00 кезінде көпір маңында Мақатаев көшесі бойындағы жағалау жақтан табылған.

"Астана ішкі істер департаменті Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша (Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі) тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалған", — делінген қаланың ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.

Полицейлер қазір қыздың анасының кім екенін анықтап жатыр.

138
Кілт сөздер:
жаңа туған сәби, Есіл өзені, Астана
Загрузка...