Жедел жәрдем

Петропавлда құрылысшы бетон араластырғыштың ішіне түсіп қаза тапты

27
(Жаңартылды 18:03 30.05.2018)
Қазір арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Петропавлда құрылысшы бетон араластырғышқа түсіп ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қайғылы оқиға 29 мамырда кешке "Жас Өркен" шағын ауданындағы құрылыс алаңында болған. 48 жастағы ер адам жұмыс күні аяқталар кезде бетон араластырғышты тазалап жатып, ішіне түсіп кеткен. Сол сәтте механизм іске қосылып, жұмысшы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма төрағасының орынбасары Арман Жәлелов хабарлағандай, оқыс оқиғаға кімнің айыпты екенін айтуға әлі ерте.

Оның сөзіне сүйенсек, арнайы комиссия қайғылы жайтты тергеп жатыр. Тиісті шаралар атқарылған соң, қорытынды шығарылады.

27
Кілт сөздер:
бетон араластырғыш, құрылысшы, Петропавл
Иллюстративті фото

Жамбыл облысында бір топ адам әкімді ұрып кетті

3006
(Жаңартылды 08:26 13.08.2020)
Бес-алты көлікке мінген жастар Қасқабұлақ ауылына баса-көктеп кіріп, үйлерді таспен атқылаған. Ал оларды тоқтатуға шыққан ауыл әкімі соққыға жығылған

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ауыл әкімі таяқ жегені белгілі болды.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылында бір топ адам түн жарымында төбелес шығарған еді. Осы оқиғадан кейін облыс әкімінің өзі елдімекенге арнайы барып, жұртты сабырға шақырды.

"Мұндай жағдай қайталанбауы керек. Онсыз болмайды. Бірінші – жауапкершілік, міндет, ол – ата-ананың міндеті. Қазақ "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп айтады. Барлық тәрбие ананың сүтімен келеді. Ең негізгі міндетіміз – өсіп келе жатқан жастарға дұрыс тәрбие беру", - деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бес-алты көлікке мінген жастар ауылға баса-көктеп кіріп, үйлерді таспен атқылыпты. Бес үй мен клубтың терзесі сынған. Ал оларды тоқтатуға ауыл әкімі шыққанымен, соққыға жығылып тынған. Абырой болғанда, жарақаты жеңіл. Өзге жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады КТК.

Полицейлер елдің үрейін алған 14 адамды ізін суытпай ұстап, қамауға алды. Олардың неліктен мұндай қадамға барғаны тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Соққыға жығылған Бурабайдың бұрынғы әкімі көз жұмды 

Қазір бұзақылық бабымен іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ауылдағы ахуал қазір тұрақты.

"14 адам ұсталып, Талас аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп атап өтті Талас аудандық ПБ бастығы Тимур Жаңабаев.

3006
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, әкім
Тақырып бойынша
Көлігімен алып кетіп, өлгенше ұрған: Ақмола облысында экс-әкімге үкім шықты
Қордайдағы тәртіпсіздік: Сапарбаев тұрғындармен кездесу өткізді
Павлодар облысында әдептен озған әкім орынбасары жұмыстан қуылды
СҚО тасжолында КамАЗ бен Тойота соқтығысты

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды  

505
Апат Челябі – Новосібір  тасжолында Пеньково ауылының маңында болды. Соққыдан кейін КамАЗ жол жиегіне ұшып түсті, ал шетелдік көлік металл үйіндісіне айналды

ПЕТРОПАВЛ, 12 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Челябі – Новосібір автожолында Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының маңында болған.

"Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны Toyota Camry көлігімен қарсы жолаққа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның 1957 жылы туған жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады полиция.

КамАЗ и Тойота столкнулись на трассе в СКО
© Photo : пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области
СҚО тасжолында "КамАЗ" бен "Тойота" соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Қанат Айтбаевтың айтуынша, барлық қажетті сараптама тағайындалды.  

Осы жылдың жеті айында Солтүстік Қазақстан жолдарында 98 жол апаты болып, салдарынан 13 адам көз жұмып, 129 адам жарақат алды.

505
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды – видео
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды
Шымкент, қала келбеті

Шымкенттегі жағымсыз иістің себебі анықталды

0
Қазгидромет мамандары жалпы қала бойынша 7-12 тамыз аралығында ластану деңгейі жоғары болмағанын хабарлады

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Шымкент тұрғындары қаланың кей аудандарында пайда болған жағымсыз иіске шағымданды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК өңірлік филиалы осыған байланысты тексеріс жүргізді.

"Шымкентте алты бекетте атмосфералық ауаны бақылау жұмыстары қолға алынды. Оның төртеуі қолмен сынама алу арқылы, екеуі автоматты түрде жүргізіледі. Тексеріс барысында 11 көрсеткіш анықталады: қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртек оксиді, аммиак, формальдегид, күкіртсутек, озон", - деп хабарлады Қазгидромет.

Екі бекетте шекті рұқсат етілген норма деңгейі асып кеткені белгілі болды.  

  • Самал-3 шағын ауданындағы №5 бекетте 7 және 11 тамызда қалқыма заттар (шаң)  көлемі 2 шекті рұқсат етілген нормаға дейін 10 рет және РМ-10 қалқыма бөлшегі дәл осы күндері 1,5 шекті рұқсат етілген нормаға дейін 5 рет асып кеткені анықталды;
  • Нұрсат шағын ауданындағы №6 бекетте азот диоксиді 9 тамызда 1,6 шекті рұқсат етілген нормаға дейін бір рет, сондай-ақ, аммиак 7 тамызда 6,0 шекті рұқсат етілген нормаға дейін бір рет асып кеткен.

"Қалған заттар бойынша шекті нормадан асып кету фактісі тіркелген жоқ. Жалпы қала бойынша жоғары (10 шекті рұқсат етілген нормадан көп) және экстремалды жоғары ластану (50 шекті рұқсат етілген нормадан көп) жағдайлары тіркелген жоқ",- деп хабарлады Қазгидромет.

Шекті рұқсат етілген нормадан асып кету жағдайларының жиілеуіне байланысты "Қазгидрометтің" өңірлік филиалы  қаланың кей аудандарында атмосфералық ауаны жоспардан тыс өлшеп жатыр. Жоспардан тыс өлшеу шараларының нәтижесі қосымша жарияланады.

0
Кілт сөздер:
Қазгидромет, Шымкент
Тақырып бойынша
Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріле ме: экологтар талабына министр жауап берді
Айыппұл өседі – Тоқаев министрге тапсырма берді
Үкімет Көбейтұзға қатысты шешім шығарды
Туристер Қазақстанның ең таза өзені ағып келетін Сілеті су қоймасын ластап жатыр