Экскаватор

Павлодар облысында жұмысшы топырақ астында тұншығып қалды

63
(Жаңартылды 11:03 08.06.2018)
Әріптесі құтқаруға ұмтылғанымен, шұңқыр қайта опырылып, өзі де топырақ астында қалған

ПАВЛОДАР, 7 маусым — Sputnik. Павлодар облысы Мичурин елді мекеніндегі су сорғыш станция құрылысының аумағында бір адам оқыс оқиғадан қаза тауып, екіншісі жарақат алып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Куәгерлердің айтуынша, 28 жастағы жұмысшы шұңқырға түскен сәтте оны топырақ басып қалады. Қасындағы cерігі жігітті құтқаруға ұмтылады. Сол сәтте топырақ қайта опырылып, қос азамат тереңдігі 3 метр жерде қалып қойған. 

Оларды құрылыс басындағы қызметкерлер құтқарушылар жеткенше шығарып алыпты.Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бір жұмысшының өміріне араша түсе алмады. Ер адам ауыр топырақ астында тұншығып қалған. Ал кеуде қуысына зақым келген оның әріптесі қазір ауруханада жатыр.

63
Кілт сөздер:
жазатайым оқиға, топырақ, жұмысшы, Павлодар облысы
Загрузка...