Мәйіт, архив сурет

Қостанайда әйел адамның денесі табылды

265
(Жаңартылды 20:15 13.06.2018)
35-40 жастағы әйелдің денесі сейсенбі күні кешкі тоғызда табылған

ҚОСТАНАЙ, 13 маусым – Sputnik. Қостанайда темірбетон бұйымдары комбинаты ауданынан әйел адамның денесі табылды.

"Наша газета" порталының жазуынша, мәйіт жаттығу залы ғимаратының артынан табылған.

Полиция бұл деректі растағанымен, оқиғаның мән-жайы енді анықталмақ.

Жергілікті тұрғындардың сөзіне сүйенсек, бұл ауданда үйлердің артындағы аулада үйсіз жандар тұрады екен.

265
Кілт сөздер:
мәйіт табылды, Қостанай