Қыз терезеден қарап тұр

Өскеменде 40 жастағы әйел бесінші қабаттан секіріп кетті

53
(Жаңартылды 12:38 18.06.2018)
Мас әйел алған жарақаттары салдарынан сол жерде көз жұмған

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Өскеменде әйел адам бесінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлады altaynews.kz. 

Оқиға 13 маусым күні кешкі уақытта Виноградов көшесінде болған. Сағат 21:40 шамасында полицияға қала тұрғыны хабарласып, әйел адамның бесінші қабаттағы терезеден секіріп кеткені туралы хабарлайды.

Анықталғандай, 40 жастағы әйел алған жарақаттары салдарынан сол жерде көз жұмған. Оның мас болғаны да белгілі болып отыр. Қазір оның терезеден секіріп кетуіне не себеп болғаны анықталып жатыр.


53