Оқиға

Атырауда 190 жолаушы мінген ұшақтың қозғалтқышы істен шықты

© AFP 2024 / LIU JIN Ұшақ, архивтегі фото
Ұшақ, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
190 жолаушы мен алты экипаж мүшесінің ешқайсы зардап шекпеді. Қазіргі таңда оқиға тергеліп жатыр

АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Новосібір — Анталия рейсін орындайтын түріктің Pegasus әуекомпаниясының экипажы қозғалтқыштың істен шығуына байланысты Атырау әуежайына қонды.  

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, қозғалтқыштың бұзылғаны туралы хабарлама сағат 10.03-те түсті. 190 жолаушы мен алты экипаж мүшесінің ешқайсы зардап шекпеді. 

"Экипаж Атырау әуежайына апатты жағдайда қонуға шешім қабылдады. Сағат 10.20-да ұшақ аман-есен қонды", — деп хабарлады Қазақстан инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында.  

Қозғалтқыштың бұзылу себебін мамандар анықтап жатыр. 

Жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды: бір адам қаза тапқан>>

Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону алабынан шығып кетті>>

Стамбул әуежайында екі ұшақ соқтығысты – видео>>

Жаңалықтар
0