Оқиға

Көпірден ұшып кете жаздады: жол апатынан 9 жасар қыз бен әйел зардап шеккен

© SputnikЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір оқиға орнында жол полициясы тексеру жүргізіп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды

АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Алматыда Рысқұлов даңғылында Қайрат ауылына бұрылар жерде жол апаты болды, деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, SsangYong Istana микроавтобусы Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта бара жатып, солға қарай бұрылады. Сол кезде Audi Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Жүргізуші тоқтап үлгермей, өзіне жол бермеген микроавтобусқа бар жылдамдығымен соғылады.

© SputnikАлматыда жол апатына ұшыраған көлік көпірден ұшып кете жаздады
Алматыда жол апатына ұшыраған көлік көпірден ұшып кете жаздады - Sputnik Қазақстан
Алматыда жол апатына ұшыраған көлік көпірден ұшып кете жаздады

Қатты соққыдан екеуі де көпірге ығысқан. Audi бетон тақтайшаға соғылса, SsangYong Istana металл қоршау мен жол белгілерін бұзып өтіп, көпірден ұшып кете жаздап тоқтаған.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Audi көлігінде отырған 2009 жылғы қыз бен әйел адам. Әртүрлі жарақат алған олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жол полициясы мән-жайды анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0