Оқиға

Астанада баланы құтқарған жігітке іздеу салынды

CC0 / Vigan Hajdari / Су астындағы ер адам, архивтегі фото
Су астындағы ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар батып бара жатқан баланы судан шығарған жас жігітті білетіндерден хабар беруді өтінді

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Астанада Есіл өзеніне батып бара жатқан баланы құтқарған жас жігітке іздеу салынды, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігі ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Қыз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ұлттық ұлан сарбаздары жанып жатқан көліктен бүлдіршінді құтқарды

Белгілі болғандай, 3 шілде күні белгісіз ер адам Есіл өзеніне батып бара жатқан баланы құтқарған. Ер адам судан баланы шығара алмаған қыз бен жігіттің артынан Есілге секірген.

"Батырды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті марапатқа ұсынады ", — деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар батыр туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден Астана қаласы ТЖ департаменті баспасөз қызметіне  55-96-60 телефоны бойынша хабарласуды сұрайды. 


Жаңалықтар
0