Лада Ларгус автобустан түскен қызды қақты

Алматыда автобустан түсіп бара жатқан қызды көлік қағып кетті

318
(Жаңартылды 18:39 11.07.2018)
Автобус жүргізушісі жолаушыларды рұқсат етілмеген жерден түсіріп кетпек болған

АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Автобус жолаушысы көлік астына түсті, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

Оқиға Момышұлы көшесінде, Жұбанов көшесіне жетпей болған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, 31-ші бағдарлы автобус Момышұлы көшесімен сол жақтағы шеткі жолақта оңтүстік бағытта кетіп бара жатады. Жұбанов көшесіне жетпей, жүргізуші қызылға тоқтап, жолаушыларды рұқсат етілмеген жерден түсірмек болған.

Сол кезде алдыңғы есіктен қыз түседі. Өтіп бара жатқан "Лада Ларгус" жүргізушісі тоқтап үлгермей, қатты жылдамдықпен қызды қағып кеткен. Әртүрлі жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді.

  • Лада Ларгус автобустан түскен қызды қақты
    "Лада Ларгус" автобустан түскен қызды қақты
    © Sputnik /
  • Лада Ларгус автобустан түскен қызды қақты
    "Лада Ларгус" автобустан түскен қызды қақты
    © Sputnik /
  • Лада Ларгус автобустан түскен қызды қақты
    "Лада Ларгус" автобустан түскен қызды қақты
    © Sputnik /
1 / 3
© Sputnik /
"Лада Ларгус" автобустан түскен қызды қақты

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алматыда Daewoo Nexia бар жылдамдықпен жүк көлігінің астына кіріп кетті

318
Кілт сөздер:
кісі қағу, зардап шеккен қыз, аурухана, жол апаты, автобус, полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Қостанайда 29 жастағы қыз екі баланы қағып кетті
Астанадағы жарыс кезінде көлік велошабандоздарды қағып кетті - видео
Оралда автобус зейнеткерді қағып, қашып кетті
Астанада автобус екі қызды қағып кетті
Алматыда велосипедшіні қағып кетті
Астанада әкесінің көлігіне мінген жасөспірім екі кісіні қағып кетті