мұнай зауыты

Мұнай зауытынан шыққан қалың түтін Атырау халқын шошытты - видео

14
(Жаңартылды 12:09 13.07.2018)
Экология департаменті жұртшылықты сабыр сақтауға шақырды

АТЫРАУ, 13 шілде — Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытының мұржасынан жалын аралас қара түтін шықты, қала тұрғындары жарты сағат бойы алауға куә болған, деп хабарлайды Sputnik "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, оқиға 12 шілдеде шамамен түстен кейін төрт жарым кезінде болған.

Үрейі ұшқан қала тұрғындары жанталаса жедел құтқару қызметтеріне хабарласыпты. Халықтың қорқынышын сейілту үшін облыстық әкімдік жергілікті БАҚ-қа түсініктеме берді.

"Бастапқы мәлімет бойынша, компрессордың тоқтап қалуы салдарынан жанармай газы мұржаға шығып, түтінмен араласып кеткен", — деп хабарлады Атырау облысы экология департаментінің басшысы Қабижан Қапанов.

Шенеуніктің айтуынша, зауытта жұмыс тоқтаған жоқ, жалғасып жатыр.

14
Кілт сөздер:
экология, халық, түтін, Атырау
Тақырып бойынша
Атырау мұнай зауытында жанған от жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырды
Төртінші мұнай өңдеу зауытының қайда салынатыны күзде белгілі болады
Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт болды: қаза тапқандар бар
Атырау мұнай зауытында Қытай азаматтары күзетшілермен төбелесіп қалды
Загрузка...