Оқиға

Алматыда жүргізуші кісі қағып өлтіріп, қашып кетті

© SputnikЖас жігітті қағып өлтіріп кетті
Жас жігітті қағып өлтіріп кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы полициясы жүргізушіні іздеп жатыр

АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Райымбек даңғылында белгісіз көлік жас жігітті қағып, оқиға орнынан кетіп қалды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.

Қайғылы оқиға "Арзан" гипермаркеті қасында болған. Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт жолды тиісті емес жерден кесіп өтіп бара жатыпты. Сол кезде даңғыл бойымен көлік келе жатқан, болжам бойынша, Volkswagen Polo.

© SputnikРайымбек даңғылында жас жігітті қағып өлтірді
Райымбек даңғылында жас жігітті қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Райымбек даңғылында жас жігітті қағып өлтірді

Жүргізуші жаяу жүргіншіні көрмей қалып, қағып кеткен көрінеді. Алайда көлік тоқтамастан оқиға орнынан қашып кетті.

1990 жылы туған жігіт жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Оқиға орнында жол полициясы, тергеушілер жұмыс істеп жатыр, жүргізушіні іздеу шаралары атқарылады.


Жаңалықтар
0