Ер адам

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктінің суреті жарияланды

626
(Жаңартылды 14:27 20.07.2018)
Күдіктінің сырт келбетінің сипаттамасы жарияланды, оны ұстауға ІІМ құрылымдарының ең тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылған

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Полиция Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдікті – Қызылорда облысының 24 жастағы тұрғынын іздеп жатыр, деп хабарлады ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

"Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні іздеуге бүкіл жеке құрам мен аймақтық ішкі істер департаменттерінің басқа да күштері жұмылдырылған. 1994 жылы туған Қызылорда облысы тұрғыны Құдайбергенов Арман Бүрібайұлы іздестіріліп жатыр", — деп мәлімет берді ведомство.

Күдікті Арман Бүрібайұлы Құдайбергенов
© Photo : ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Күдікті Арман Бүрібайұлы Құдайбергенов

Күдіктінің түр-сипаты: арық денелі, бойы — 165-170 сантиметр, қара футболка мен сұр джинсы киген, қара түсті аяқ киімі және күннен қорғайтын көзілдірігі бар.

Күдіктінің қайда жүргені туралы қандай да ақпарат белгілі болса, ішкі істер министрлігі Алматы ІІД-іне хабарласуды сұрайды: 8 (7272) 54-40-42, 54-40-18, 54-41-00, 54-43-66 немесе 102.

Ведомство атап өткендей, қылмыстық істі тергеуге ІІМ мен Алматы ІІД-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Оны ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов басқарады.

Бірінші күдікті – Қиясов Нұралы – кінәсін мойындады, қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

Денис Теннің аман қалуы мүмкін бе еді?

626
Кілт сөздер:
тергеу амалдары, іздеу шаралары, күдікті, қайғылы оқиға, қылмыс, Денис Тен, Алматы
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Денис Тенді неге жақын маңдағы ауруханаға жеткізбеген?
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салу уақыты мен орны белгілі болды
"Өмірді шын сүйемін". Денис Теннің арманы қандай еді?
Денис Теннің мұз айдынындағы соңғы шоуы – видео
Денис Тенге шабуыл жасалған жерден видео жарияланды
"Денис Қазақстанның нағыз патриоты еді" Назарбаев Теннің отбасына көңіл айтты
Загрузка...