Оқиға

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті ұсталды

© AFP 2024 / ALAIN JOCARDқолына кісен салынған адам
қолына кісен салынған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы соты күдікті Арман Құдайбергеновті екі ай қамауға алуға санкция берген еді

АЛМАТЫ, 20 шілде — Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті Арман Құдайбергенов ұсталды. Бұл туралы Алматы ішкі істер департаментінен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Арман Құдайбергеновтің сырттай қамауға алынғаны белгілі болған еді. Алмалы ауданының соты күдіктіні екі ай қамауға алуға санкция берді. 

© Photo : ҚР ІІМ Арман Құдайбергенов, күдікті
Арман Құдайбергенов, күдікті  - Sputnik Қазақстан
Арман Құдайбергенов, күдікті

Қайғылы оқиға 19 шілдеде күндіз Алматы қаласының орталығында болған. Танымал спортшы тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған. 

сотталушы отыратын жер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті сырттай қамауға алынды

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды. 

Полиция бүгін таңертең спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясовтың ұсталғанын хабарлаған еді. Ол қорғаушының көзінше кінәсін мойындады. Жамбыл облысының тумасы Қиясовтың бұған дейін мас күйінде рөлге отырғаны үшін үш жылға жүргізушы куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, ол өткен жылы ұрлық жасағаны үшін сотты болған, бірақ іс тараптар мәмілеге келген соң жабылған.

Видео: Күдікті Денис Тенге шабуылды қалай жасағанын көрсетті 

Жаңалықтар
0