Петропавлда базардан өрт шықты

Петропавлда базардан жойқын өрт шықты

56
(Жаңартылды 12:11 23.07.2018)
Петроавлда коммуналдық базардың екінші қабатында дүкендер өртеніп жатыр

ПЕТРОПАВЛ, 21 шілде — Sputnik. Петропавл қаласының орталығында коммуналдық базардан өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik тілшісі оқиға орнынан.

Екінші қабат лапылдап жанып жатыр, онда киім-кешек, ойыншық, әтір және тұрмыстық химия дүкендері орналасқан.

Оқиға орынында өрт сөндірушілер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Қатты соққан жел жағдайды одан сайын ушықтыруда.

  • Петропавлда базардан өрт шықты
    Петропавлда базардан өрт шықты
    © Sputnik / Елена Бережная
  • Петропавлда базардан өрт шықты
    Петропавлда базардан өрт шықты
    © Sputnik / Елена Бережная
  • Петропавлда базардан өрт шықты
    Петропавлда базардан өрт шықты
    © Sputnik / Елена Бережная
1 / 3
© Sputnik / Елена Бережная
Петропавлда базардан өрт шықты

Базардан эвакуацияланғандардың айтуынша, түтін иісін сезіп, өрт сөндіру қызметін шақырған екен.

"Киім-кешек сататын дүкенім түгел жанып жатыр. Зәре құтым қалмады", — дейді дүкен иесі  Sputnik тілшісіне.

Атап өтсек, базар ғимарат ішінде орналасқан. Бұрын бұл ғимарат С.Киров атындағы зауыт корпустарының бірі еді.

56
Кілт сөздер:
дүкен, базар, полицейлер, өрт сөндірушілер, жойқын өрт, Петропавл
Тақырып бойынша
Шымкентте алапат өрт 45 көлікті жойып жіберді
Қостанайда той өтіп жатқан мейрамханада өрт шықты - видео
Алматыдағы алапат өрт сөндірілді
Алматыда жойқын өрт шықты: оқиға орнынан кадрлар
Загрузка...