Нұралы Қиясов

Денис Теннің өліміне қатысты тың деректер шықты

4530
(Жаңартылды 21:16 24.07.2018)
Күдікті Нұралы Қиясов бетпе-бет кездесу барысында спортшыға пышақ сұққанын мойындады

АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталған Нұралы Қиясов мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге пышақ сұққанын мойындады. Істің мән-жайы туралы Алматы ішкі істер департаменті хабарлады.

Бұған дейін екінші күдікті Арман Құдайбергенов спортшыны жарақаттағанын айтқан болатын. 

Күдікті бетпе-бет кездесу барысында пышақ жарақатын салғанын мойындады.

Халық Қасымовтың отставкаға кетуін талап етуде

"Сол күні оқиғаны көзімен көргендер анықталды. Олар күдіктілерді таныды", — деп мәлімдеді департаменттен.

Полицияның ақпаратынша, екінші күдікті Арман Құдайбергенов пышақ жасырылған жерді көрсеткен. Қылмыс қаруы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды.

Денис Теннің өліміне соттың кінәсі бар ма? 

Тергеу жалғасып жатыр. Сот-медициналық, молекулярлық-генетикалық, сондай-ақ қылмыс қаруының медициналық-криминалистік сараптамасы белгіленді.

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі үштер шамасында болған. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түседі. Арада жанжал басталып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алады. 

Көп қан жоғалтқан ол кешкі бес жарымда ауруханада көз жұмды. 

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 20 шілде күні таңертең спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталды. Ол Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясов. Кейін оның бұған дейін де заңды бұзғаны анықталды. Сол күні кешке екінші күдікті – Қызылорда облысының 1994 жылғы тумасы Арман Құдайбергенов ұсталды. Ол да осыдан бес жыл бұрын сотты болған. Екі күдікті де кінәсін мойындады.

4530
Кілт сөздер:
пышақтау, тергеу амалдары, күдіктілер, кісі өлтіру, Денис Тен, Алматы
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Денис Тенді өлтіргендерді жақтап сөйлеген мұғалім мектептен кетуге дайын
Токио халқы Денис Тенді еске алу үшін кезекке тұрды
Қазақстандық спортшы турнирдегі жеңісін Денис Тенге арнады
Денис Тен қаза тапқан күні күдікті Астанада сотқа келуі тиіс болған
Денис Теннің қазасы: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді
Алматы халқы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды (фото)
Төбелес, иллюстративті фото

"Асқан қатыгездік": Павлодарда төбелескен жастар мен оны видеоға түсіргендер анықталды

200
Қолданыстағы заңға сәйкес, төбелесті бейнеге түсірген адамдар да тергеуге алынып, жауапкершілікке тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Павлодар облыстық полиция басқармасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан видеодағы төбелеске қатысқандарды анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабы 2-ші және 3-ші бөлімі – "бұзақылық ниетпен бір топ адам болып адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – дейді полицейлер.

Қылмыстық кодекс бойынша адам өлтіруге оқталғаны үшін 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ресми мәліметке сәйкес, төбелесті бейнеге түсірген адамдар да тергеуге алынды. Олар Қылмыстық кодекстің 313-бабы – "қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату" бойынша жауапқа тартылады. Осы бапқа сәйкес, кінәлі адамдар 2 000 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2 778 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі, я болмаса, екі жылға дейін бас бостандығы шектеледі.

"Павлодарлық полицейлер видеоны қарап, зерттеді. Қазіргі уақытта қатысушылардың жеке басы анықталды", – деп атап көрсетті құқық қорғаушылар.

Төбелестің мән-жайы

Полицейлер төбелестің мән-жайын да анықтады. Олардың айтуынша, 2020 жылы 7 шілде күні 18 және 19 жастағы екі жас жігіттің арасында жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан. Жәбірленуші осы факті бойынша полицияға және медициналық көмекке жүгінген жоқ. 

"Жастардың қатыгездігі таңқалдырады. Олар төбелеске қатысушыларды тоқтатып, полицияны шақырудың орнына бәрін ұялы телефондарына түсіріп жүр. Зорлық-зомбылықты насихаттайтын мұндай видеоларды тарату заңға қайшы", – дейді тәртіп сақшылары.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Тергеу жалғасуда. Төбелеске қатысушылар жауапқа тартылады.

200
Кілт сөздер:
жастар, төбелес
Тақырып бойынша
Тұрғымбаев: Қордайдағы жаппай төбелес кезінде 8 адам қаза болды
Оралда жаппай төбелес болды – видео
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Терезе алдында отырған қыз, иллюстративті фото

Түркістан облысында жоғалған 19 жастағы қыздың қайда жүргені анықталды

164
Тәртіп сақшылары бір тәуліктен соң, қыздың өз ауылында сыныптасының үйінде екенін анықтаған

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының полицейлері жоғалған қызды тауып, отбасына қайтарды.

Ордабасы АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, Түркістан қаласындағы нағашы апасының үйіне қыдырып кеткен 2001 жылғы қызы туысының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізген, деп хабарлады Polisia.kz

Анасының айтуынша, қыз кешкі сағат 19:30 шамасында үйден шыққан. Содан бері із-түссіз, хабарсыз кеткен. Полицейлер көрген-білгендерден сұрастырып, жақын маңдарды аралап, қыздың баруы мүмкін деген жерлері мен таныстарына сұрау салды.

Тәртіп сақшылары бір тәуліктен соң, қыздың өз ауылында сыныптасының үйінде екендігін анықтады.

Тергеу барысында 19 жастағы қыз отбасылық кикілжіңдерден шаршап, ата-анасына ренжіп, бірінші күні Шымкент қаласындағы танысының үйіне барып, қонғаны белгілі болды. Одан кейін, келесі күні өзінің ауылына келіп, ата-анасына ескертпестен сыныптас құрбысының үйінде болған.

Оқи отырыңыз: Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео

Осылайша полицейлер ақпарат көздері арқылы қыздың тұрған мекенжайын анықтап тауып, анасына табыстады.

Полицейлер бұл қыздың бұрын да осылай үйінен кетіп, кейіннен табылғаны анықтады.

164
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Желіде танысқан жігіттен жүкті болды: Есікте жоғалған қыз табылды - видео
19 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық қыз Тәжікстаннан табылды
Түркістан облысында бір ай бұрын жоғалған оқушы қыз аман-есен табылды
Түркістан облысында жоғалған 2 қыз көрші ауылдан табылды  
Зорланғаны анықталды: Алматы облысында жоғалған 7 жасар қыз табылды
Әуежай қызметкерлері мен ұшақ

Түркиядан келген гуманитарлық көмек қысқа мерзім ішінде рәсімделді

26
Бүгінде мемлекеттік кірістер органы тауарларды жедел кедендік ресімдеуге күш жұмылдыруда және қажетті құжат ұсынылған кезде гуманитарлық көмек дереу шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстанға Түркиядан келген гуманитарлық көмек жетіп, ол жедел таратылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.

Әлеуметтік желіде гуманитарлық көмек түсіріліп жатқан видео пайда болды. Видео авторы бұл жүк танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мен қоғам белсенділерінің қайырымдылық қоры арқылы Түркиядан жіберілген 125 тыныс алу аппараты мен дәрі-дәрмектер астана әуежайының қоймасында тұрғанын айтады.

"Гуманитарлық көмек 14 шілде күні сағат 02:30-да Түркиядан Нұр-Сұлтан әуежайына келді. Жүкті қабылдап алушы – "СК-Фармация" ЖШС. Ал жіберуші – "Айдың нұры" және "Отандастар" қайырымдылық қоры. 12 тоннадан асатын жүк құрамында дәрі-дәрмектер, медициналық қорғаныс құралдары мен жасанды тыныс алдыру аппараттары бар", – делінген хабарламада.

Жүкті ұшақтан түсіру 14 шілде күні таңғы сағат 4-те аяқталды. Жүк әуежай қоймасына түсірілді.

"Жүкті қабылдаушы тараптың өкілдері 10:00-де келген соң тауарлар жеңілдетілген тәртіпте кедендік рәсімдеуден өтті. Барлық кедендік рәсімдер 10 минут ішінде аяқталды. 11:00-де тауарлар әуежайдан бірнеше партиямен шығарылды", – деп толықтырды департамент.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, кедендік ресімдеуге рұқсат қағаздары бар тауарлар сертификаттаудан өткізілуі тиіс. Өйткені, төмен сапалы дәрілер мен өнімдерді пайдалану пандемияға қосымша қауіп төндіруі мүмкін.

Бүгінде мемлекеттік кірістер органы тауарларды жедел кедендік ресімдеуге күш жұмылдыруда және қажетті құжат ұсынылған кезде гуманитарлық көмек дереу шығарылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға келген гуманитарлық көмек екі айға жуық қоймада жатқан

"Осыған байланысты барлық кеден бекеттері тәулік бойы жұмыс істеуде. Олар қажетті құжаттарды ұсыну жөнінде кеңес беріп, қандай да бір түсінбеушіліктер туындаса қажетті кеңес алу үшін алдын ала жүгінуді сұрайды. Сондай-ақ, 1414, 8-800-080-7777 байланыс телефоны арқылы мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс-орталығына да қоңырау шалуға болады",– делінген ведомство хабарламасында.

26
Кілт сөздер:
дәрі-дәрмек, гуманитарлық көмек
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Жылаған жұрт тыным бермеді": Айнұр Тұрсынбаева сүйінші сұрады
Мақтаарал кәсіпкері гуманитарлық көмек жеткізгендерге 600 тонна қырыққабат таратады
Президентке үндеу жасаған Айнұр Тұрсынбаева қуанышты жаңалық жариялады
Қазақстанға Ресейден гуманитарлық көмек жеткізілді
Қазақстанда гуманитарлық көмек сатыла ма: денсаулық сақтау министрлігі жауап берді