Алматы-Қапшағай жолында жүргізуші кісі қағып өлтіріп, қашып кетті

Алматы-Қапшағай жолында жүргізуші кісі қағып өлтіріп, қашып кетті

104
(Жаңартылды 12:42 26.07.2018)
Қазір полиция жүргізуші мен қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтап жатыр

АСТАНА, 25 шілде — Sputnik. Алматы-Қапшағай тас жолының 36-километрінде көлік жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп кетті, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, көлік Қапшағайға қарай кетіп бара жатқанда, алдынан ер адам атып шыққан. Жаяу жүргінші жолды тиісті емес жерден кеспек болыпты. Жолдың бұл бөлігі дұрыс жарықтандырылмағандықтан, жүргізуші ер адамды дер кезінде байқамай, қатты жылдамдықпен қағып кетті.

Алматыға жақын жерде жүргізуші кісі қағып өлтірді
© Sputnik /
Алматыға жақын жерде жүргізуші кісі қағып өлтірді

Қатты соққыдан ер адам 40-45 метрге ұшып кеткен, ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Куәгерлердің болжам бойынша Toyota CAMRY көлігі оқиға орнынан қашып кетіпті. Қаза тапқан ер адамның кім екені әлі анықталған жоқ. Ешқандай құжаты жанынан табылмады.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері, криминалистер және ІІД іздеу бөлімі жұмыс істеп жатыр.

104
Кілт сөздер:
жол апаты, көлік, жүргізуші, кісі қағып өлтіру, Қапшағай, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда көлік аударылып, үш ағашты құлатты: екі адам зардап шеккен
Алматыда жол үстінде көлік жарылып кетті
Қазақстанның батысында жартылай жалаңаш қыздар көлік жуып жатыр - видео
Петропавлда көлік аялдамаға соғылды: алты адам ауруханада жатыр
Загрузка...