Бала

Ақтөбеде жасөспірім жеті жасар баланы зорлады

1808
(Жаңартылды 17:28 29.07.2018)
Зардап шеккен баланың ата-анасы сараптаманы кештеу жасатып, нәтижесін ала алмаған

АҚТӨБЕ, 28 шілде — Sputnik. Ақтөбе облысында "Жас баланы азғындау бабы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жилянка ауылының 16 жасар тұрғынына жеті жастағы жеткіншекке сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылған.

Облыстық ішкі істер департаменті болған оқиғаны растады. Ауыл тұрғыны "Актобе Таймс" басылымына хат жазып, болған жайтты баяндап берген екен.

Хат авторы жазғандай, полиция сараптаманы үшінші күні бір-ақ жасатып, қорытындысын ата-анасына бермеген. Ал, зардап шеккен баламен, психолог жұмыс істемепті.

Тұрғындар тілшілерден осы істің басын ашуды сұрайды, өйткені айыпты жазадан құтылып кетуі мүмкін.

Айта өтсек, Абай ауылында жеті жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат көпшілікке жайылғалы бері басқа да жәбірленушілер бастарынан сондай жайтты өткергенін мәлімдей бастады.

Мысалы, шілде айында жас жігіт тілшілерге хабарласып, сегіз жыл бұрын бір топ бозбаланың зорлап, кейін бопсалағанын айтты.

Абай ауылының тұрығыны бала кезінде зорланғанын мәлімдеді

Және де бір дерек, педофилдің ер баланы подьезде зорлаған сәті видеоға түсіп қалып, кейін интернетте жарияланған. Шымкенттік азғын көп ұзамай ұсталды.

1808
Кілт сөздер:
азғындау, жасөспірім, зорланған бала, Ақтөбе
Ту тұғыр

Атырауда 203 миллион теңге бөлінген ту тұғырдың құлау себебі анықталды

42
(Жаңартылды 11:56 14.08.2020)
Облыстық прокуратура құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұзып, ту тұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім бергенін анықтады

АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Атырауда өткен жылы қатты желден құлаған ту ілетін тұғырға сметада көрсетілген сомадан үш есе аз ақша жұмсалған. Бұл туралы "Ақ Жайық" газеті хабарлады.

"Жобалық-сметалық құжаттама талаптарына қарамастан, мердігер авторлық бақылаушының келісімінсіз ту орнатқаны анықталды. Оның құны сметада көрсетілген 203 миллион теңгеден үш есе аз. Облыстың құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұзып, ту тұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім берген", - деп мәлімдеді Атырау облысының прокуратурасы.
Флагшток рухнул в Атырау. Фото с места события
Атырау қаласында құлаған ту тұғыр.

Бұл жағдай адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Енді аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Ал қалпына келтіру жұмыстарын мердігер өз қаражатына жүргізеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас туы қалай көтеріледі – егемендік рәмізінің құпиясы

Айта кетейік, 2019 жылы желтоқсанның соңында Атыраудағы Республика алаңында тұрғызылып жатқан биіктігі 91 метрлік құрылым қатты желге шыдас бермей құлаған болатын.

42
Кілт сөздер:
ту тігу, Атырау
Тақырып бойынша
Терезеге ілінген көк ту: даулы іс Жоғарғы сотқа дейін жетті
Мемлекеттік ту көтерілді: Елорда күнін тойлау басталды
Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді – фото
Жаңа ту бекітілді деген ақпарат жалған – Қазақстанның қорғаныс министрлігі
Енді VR-жобаның көмегімен Рейхстагқа Ту тігуге болады
Төбелес, иллюстративті фото

Екі қолын жұлып, көзін ағызып жіберген: Оралда сұмдық оқиғаға қатысты сот басталды

1352
(Жаңартылды 10:22 14.08.2020)
Осы іске қатысы бар деп айыпталып отырғандардың бірі – екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген азамат

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Оралда жеке күзет агенттігінің қызметкерлері айықтырғышқа жеткізілген адамды қорлап өлтірген. Марқұмның туыстары кінәлілердің кейбірі бостандықта жүргенін айтады.

Күзетшілердің соты онлайн-форматта қайта жалғасты. Ал сот отырысына себепкер жаға ұстататын қанды оқиға былтыр желтоқсанда болған еді. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода бес жігіт бір адамға жабылып жатқаны анық көрінеді.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберген. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - дейді марқұмның туысы Бақыт Ахметова.

Ахметова інісінің жанталасып сыртқа қашып шыққанын айтады. Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді апасы. 

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жәйттерді ескерсе екен", - дейді ол.

Айта кетейік, адам өлтірді деп айыпталғандардың бірі - осыдан екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал Әділов. Ол осы отадан кейін күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан екен.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Ал марқұмның туыстары "айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды", дейді. Өйткені, жігітті соққыға жыққан 6 күзетшінің 2-уі ғана айыпталушы орындығында отырғанын айтады. Қалғандары "куәгер" ретінде көрсетілген.

1352
Кілт сөздер:
оқиға, сот, Орал
Тақырып бойынша
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Портфель

Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды

0
(Жаңартылды 14:20 14.08.2020)
Жезқазғанның бұрынғы әкімі Қайрат Бегімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды

АЛМАТЫ, 14 тамыз– Sputnik. Жезқазғанның жаңа әкімі болып Қайрат Әбсаттаров тағайындалды. Бұған дейін ол "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының бірінші орынбасары –басқарма мүшесі қызметін атқарған.

Жаңа басшыны Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қайрат Бектайұлының мемлекеттік басқаруда тәжірибесі бар, қаладағы мәселелерді біледі және шешімін табады. Ол тәжірибесімен білімінің арқасында президент қойған міндеттерге сәйкес жұмысты ұйымдастыра алады", - деді Қасымбек.

Қаланың жаңа басшысының кандидатурасы Жезқазған мәслихатының депутаттарына кезектен тыс сессияда ұсынылды. Олар Қайрат Әбсаттаровқа бірауыздан дауыс берді.

Ал Қайрат Бегімов президент әкімшілігінің келісімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды.

Қайрат Әбсаттаров туралы не білеміз?

Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров 1966 жылы Жезқазғанда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын "автомобиль және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша;

1998 жылы О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін "экономика және өндірісті басқару" мамандығы бойынша;

 2018 жылы "МИСиС" Ұлттық техникалық зерттеу университетін "іскерлік әкімшіліктендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990-1997 жылдары Жезқазғанның автомобиль өнеркәсібінің өнеркәсіп кәсіпорындарында, Қарағанды облысының әкімшілік аппаратында еңбек еткен.

Әр жылдары стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, Қазақстан президентінің әкімшілігінде жұмыс істеген, ақпарат және байланыс министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарды. Сонымен қатар көлік және коммуникация вице-министрі, бірнеше министрлікте комитет төрағасы болды. Одан кейін премьер-министр кеңсесін, өңірлік даму департаментін басқарды.

Оқи отырыңыз: Жаңа әкім Павлодар қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

2019 жылдан бастап осы күнге дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болған.

"Құрмет" орденімен марапатталған.

0
Кілт сөздер:
жаңа әкім, Жезқазған
Тақырып бойынша
Жаңа әкім Назарбаевқа Астананың құрылысын қалай жалғастыратынын айтты
Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды
Шымкентке жаңа әкім келді
Нұр-Сұлтанның "Алматы" ауданына жаңа әкім тағайындалды
Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды