Оқиға

Қарағанды түбінде сарбаздың қолында граната жарылып кетті

© ДВД Павлодарской областиГраната
Граната - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери қызметкер Облыстық медициналық орталықтың жансақтау бөліміне жеткізілген, нақты диагнозы хабарланған жоқ

ҚАРАҒАНДЫ, 30 шілде — Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан мерзімді қызметі әскери қызметкерінің қолында граната жарылып кетті.

Оқиға болған. Сарбаз ауыр хәлде Қарағанды қаласындағы Облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.

"27 шілдеде әскери қызметкер ауруханаға түсті. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр", — деп хабарлады медициналық орталық Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз:

Қазақ-қырғыз шекарасында сарбаз мерт бола жаздады — видео

ШҚО-да әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жұмбақ жағдайда көз жұмды

Жаңалықтар
0