Lada Priora мотоциклді қағып кетті

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: мотоцикл жолаушысы аяғынан айырылды

222
(Жаңартылды 16:00 01.08.2018)
Көлік апаты салдарынан мотоциклдің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Әйел адам әл үстінде жатыр

АСТАНА, 30 шілде — Sputnik. Алматыда Шолохов және Есжанов көшелерінің қиылысында мотоцикл апатқа ұшырады.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, мотоцикл мен LADA Priora Шолохов көшесі бойында батыс бағытта кетіп бара жатады. Есжанов көшесімен қиылыста мотоциклші ақырындап бұрыла бастайды. Неге екені белгісіз, LADA көлігі мотоциклді бір-ақ қақты. Салдарынан мотоцикл бір қырына ауып, бетонға соғылған.

LADA көлігі мотоциклді қағып кетті
© Sputnik /
LADA көлігі мотоциклді қағып кетті

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті – мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы. Жолаушы әйел құлаған кезде бетонға қатты соғылыпты. Ол ауыр хәлде ауруханаға жатқызылып, кейінірек дәрігерлер аяғын кесуге мәжбүр болған.

Мотоциклде отырған әйел әл үстінде жатыр
© Sputnik /
Мотоциклде отырған әйел әл үстінде жатыр

Жүргізуші де әртүрлі жарақат алған, бірақ ауруханаға жатудан бас тартты.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.

222
Кілт сөздер:
зардап шеккендер, жолаушы әйел, көлік, полиция, мотоцикл, жол апаты, Алматы
Загрузка...