Жолаушылар пойызы

Вагондардың рельстен шығуы: ҚТЖ кінәліні атады

88
(Жаңартылды 13:46 03.08.2018)
Вагондардың рельстен шығуының бастапқы себебі - бүйір жақтаушасының сынуы

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. "ҚТЖ" ҰК" АҚ Мойынты-Шығанақ жол телімінде вагондардың рельстен шығып кетуіне қатысты шығынды кінәлі тараптан талап етеді, деп хабарлады компания баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, 31 шілдеде Мойынты-Шығанақ телімінде вагондар рельстен шығып кеткен болатын. Сол күні пойыздар қозғалысы 22 сағатта қалпына келтірілді.

Бастапқы мәлімет бойынша, 28-ші вагонның бүйір жақтаушасының сынып кетуі апатқа себеп болған. Бұл вагонды 2009 жылы "Азовэлектросталь" ААҚ шығарған. Вагонның меншік иесі –"Исткомтранс" ЖШС.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылдың 26 наурызындағы "Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік тәртібін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, АҚ 2009 жылы "Азовэлектросталь" зауыты шығарған вагонның бүйір жақтаушаларын қолданыстан алып тастау жөнінде ұсыныс түсірген болатын.

Тағы оқыңыз: Шудағы пойыз апатына не себеп болды

Алайда, жеке операторлар "Азовэлектросталь" өндіретін құйма қосалқы бөлшектерді әлі күнге дейін қолданып келеді. "ҚТЖ" ҰК" АҚ сапасыз қосалқы бөлшекті сатып алуға тыйым сала алмайды. Ал құзырлы орган тиісті шешімді әлі шығармапты.

Тәртіп бойынша, барлық шығынды заңға сәйкес кінәлі тарап өтеуге міндеттеледі.

88
Кілт сөздер:
апат, вагон, пойыз, ҚТЖ, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Шудағы пойыз апаты: Қасымов машинист ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды
ҚТЖ пойыз апатынан қаза тапқан баланың отбасына өтемақы төлейді
Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?
Пойыз апаты кезінде зардап шеккендердің аты-жөні жарияланды
Шудағы пойыз апаты: бір тәулік ішінде не істелді?
Загрузка...