Пышақ

Үш апалы-сіңлі туған әкесін өлтірген кезде түсірілген видео жарияланды

867
Кадрларда көрінгендей, қыздардың бірі пәтерден шығып, есік алдында әрлі-берлі мазасызданып жүреді

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Ресейдің Тергеу комитеті үш апалы-сіңлі туған әкесін өлтірген кезде подъездегі бақылау камерасына түсірілген видеоны жариялады. Ролик ведомствоның "Твиттер" парақшасында пайда болған, деп хабарлайды life.ru.

"Мәскеулік тергеушілер бақылау камераларындағы видеоны зерттеп жатыр", — делінген хабарламада.

​Кадрларда анық көрінгендей, қыздардың бірі пәтерден шығып, екі қолымен бетін жауып, есік алдында әрлі-берлі жүреді. Содан кейін пәтерге қайта кіріп кеткен.

Айта кетсек, 27 шілде күні Мәскеуде 17, 18 және 19 жастағы үш апалы-сіңлі туған әкесін өлтірген. Олар әкесі ұйықтап жатқанда шабуыл жасап, 36 рет пышақ салған көрінеді. Қыздар жантүршігерлік қылмысқа әкесінің өздеріне жасаған айуандығының кесірінен барғанын түсіндіреді. Қазір де апалы-сіңлілер екі айға қамауға алынған.

Ақсақал немерелерінің көзінше ұлын пышақтап өлтірді

Қалыңдық болашақ жарын бұрынғы қызын тойға шақырғаны үшін өлтірді

867
Кілт сөздер:
видео, пышақтау, кісі өлтіру, әкесі, қыздар, Мәскеу, Ресей
Загрузка...