Оқиға

Қазақстанның бірнеше өңірінде суға кеткен адамдар іздестірілуде

Жазылу
Құтқарушылар үш адамды іздеп жатыр, екі жасөспірім құтқарылды

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Еліміздің бірнеше өңірінде құтқарушылар іздеу және апатты-құтқару операцияларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тау - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ауылға қонаққа барып, жоғалып кеткен бала өлі табылды

Қапшағай қаласының шетінде, Қапшағай су қоймасында құтқарушылар 1993 жылғы жас жігітті іздестіруде. Болжам бойынша, ер адам балық аулап жатып суға кеткен. 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ащысай ауылындағы "Құркелес" суару арнасында 2014 жылғы бала іздестіріліп жатыр. 3 тамыз күні ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін абайсызда арнаға құлап, суға батып кеткен.

Ал Айыртау ауданы Имантау ауылында, Имантау көлінде шомылып жүрген 1963 жылғы ер адам суға кетті. Қазір іздеу жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ Павлодарда Усолка өзенінде шомылу кезінде жағаға жүзіп жете алмаған екі жасөспірім құтқарылды. Оларға оқиға орнында психологиялық көмек көрсетілді.

Ерлі-зайыптылар қызының тойына бір ай қалғанда суицид жасады

Өзгелер үшін жанын қиған қостанайлықтың әйелі БАҚ-қа сұхбат берді 


Жаңалықтар
0