Батут

Кішкентай қыз батуттың ішіне түсіп кетіп, өлім аузынан қалды

374
(Жаңартылды 09:58 16.08.2018)
Туыстары қыз баланың батутта ойнап жүріп, жоғалып кеткенін байқаған

ТАЛДЫҚОРҒАН, 14 тамыз — Sputnik. Оқиға Жаркентте Головацкий көшесіндегі Бөлек Батыр саябағында болды. Кішкентай қыз батутқа түсіп кетіп, тұншығып қала жаздаған.

Бұл оқиға туралы қыздың туыстарының бірі Instagram-ға жазып, кішкентай балалары бар басқа ата-аналарға ескерту жасады.

"Жиенім Шахназ ойнап жүріп, ішіне түсіп кетіпті, әрең шығарып алдық. Қандай күйде болғанын көрсеңіздер ғой. Кіп-кішкентай балапаным екі метрдей тереңдікке түсіп кеткен. Әрең таптық, ішінде ауа ыстық, көзіңді аша алмайсың. Аяғынан ұстап тартып алдық, әйтеуір. Қалай айғайлағанын естісеңіздер ғой. Неге батуттарды тексермейді? Бірер минутқа кетіп қалсақ, жағдайы не болар еді? Аллаға шүкір, аман қалды".

Қыздың тәтесінің шағымына әкімшілік: "Батутта ойнай алмайтын қызды әкеліп неңіз бар?", — деп жауап берген. Бұл туралы әйел адам хабарлады.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағатовтың айтуынша, саябақта жарамсыз батут жоқ.

"Бала зардап шекпегендіктен, ешқандай шағым түскен жоқ. Кәсіпкерлік бөлімі бұл мәселемен айналысып, жағдайды бақылауға алады", — деді ол.

Астанада жел ұшырған батуттың иесіне қандай жаза төніп тұр?

374
Кілт сөздер:
батут, қыз бала, оқыс оқиға, Талдықорған, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Астанада қатты желден батут аударылып, бес бала зардап шекті
Жел ұшырған батут: төтенше жағдайлар комитеті түсініктеме берді
Загрузка...