Автобус

Жолаушылар жол жиегінде жатыр Алматы облысында автобус аударылды

1656
(Жаңартылды 14:54 23.08.2018)
Куәгерлер түсірген видеода автобус аударылып жатқаны көрінеді. Жолаушылардың арасында жүкті әйел мен балалар болған

ТАЛДЫҚОРҒАН, 22 тамыз — Sputnik. Алматы облысында жолаушылар мінген автобус аударылып кетті, салдарынан 29 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады Sputnik тілшісі. 

 Куәгерлер түсірген видеода автобус елді мекеннің жанындағы су қоймасында бір бүйірімен жатқаны көрінеді. Жол жиегінде жарақат алған жолаушылар жатыр. 

 

29 жолаушы, оның ішінде 19 ересек және 10 бала дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Үш жолаушы ауруханаға жатқызылды: бірі бас сүйек-ми жарақатын алса, екіншісінің иығы сынған, сондай-ақ  1990 жылы дүниеге келген жүкті әйел зардап шекті. Бес бала облыстық өңірлік  ауруханасына тексерілуге, ал қалғандары амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді, деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова. 

Ресейде 48 адамды құтқарған қазақстандыққа әкімдік баспана алып бермек 

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ақпаратты растап, 22 тамызда таңғы сағат 10-да Іле ауданында 25 жастағы жүргізушісі рейстегі автобусты аударып алғанын хабарлады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


1656
Кілт сөздер:
балалар, жүкті әйел, жол апаты, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Балқаш түбіндегі жантүршігерлік жол апаты 6 адамның өмірін қиды
Астанадағы жантүршігерлік жол апаты: КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі әйел ауруханада жатыр
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: мотоцикл жолаушысы аяғынан айырылды
Алматыда жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізуші опат болды
328 адам мінген жолаушылар пойызы аударылды
Қатты желден адамдар мінген қайық аударылды – видео
Алматы облысында туристер мінген автокөлік аударылды
Загрузка...