апаттық тоқтау белгісі

Павлодар облысында басқарма басшысы отбасымен жол апатынан қаза болды

1097
(Жаңартылды 12:34 28.08.2018)
Көлікте облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы әйелі мен үш жасар баласымен бірге отырған

АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында жеңіл автомобиль мен жүк көлігі соқтығып, салдарынан төрт адам қаза болды, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Жол апаты Аққулы ауданы Черное ауылының маңындағы тас жолда болған. Жеңіл көлікте 37 жастағы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков және оның әйелі мен үш жасар баласы отырған. Олар оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған 53 жастағы әйел де қаза тапты.

Апат орнынан түрлі жарақатпен 57 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел аурухана жеткізілді. Ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметінде растап, Ардақ Райымбековтың демалыста болғанын хабарлады.

Жедел жәрдем қызметіне қоңырау түнгі сағат 00:14-те түскен. Полиция қазір қылмыстық істі тергеп жатыр. Барлық сараптамалар тағайындалған.

1097
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, көлік, жол апаты, Павлодар облысы
Тақырып бойынша
"Әлем миссисі" Сәния Шәкірова зираттың жанында жол апатынан қаза болды
Дубайда қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты
Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео
ҚТЖ пойыз апатынан қаза тапқан баланың отбасына өтемақы төлейді
Жантүршігерлік жол апатынан 14 хоккейші қаза тапты
ҚР СІМ: Ресейдегі жол апатынан аман қалған жүргізуші куәгер ретінде жауап беруде
Маңғыстауда бір отбасының жеті мүшесі жол апатынан қаза тапты
Загрузка...