Оқиға

Жүк көлігі бір табын сиырды басып кетті – жантүршігерлік видео

CC0 / Harald Landsrath / Сиырлар
Сиырлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Омбы-Майқапшағай тас жолында КамАЗ бір табын сиырды бір-ақ қақты

ПАВЛОДАР, 28 тамыз — Sputnik. Павлодар облысында КамАЗ қатты жылдамдықпен бір табын сиырды қағып кетті. Жол апаты Тереңкөл ауданы Қызылтаң ауылына жақын жерде болған. Видеоны "Типичный Павлодар" Instagram-тобында куәгерлер жариялапты.

Жантүршігерлік видео жол апатының қасынан өтіп бара жатқан көліктің терезесінен түсірілген. Онда асфальт үстінде теңкиіп өліп жатқан сиырлар мен жол ортасында тұрған жүк көлігі түсіп қалған. Ірі қара малдың басым бөлігі тірі екен.

Облыстың ішкі істер департаменті туралы мәлімет берді. Оқиға кеше кешкісін 20.00 кезінде Омбы-Майқапшағай автожолының 335-ші километрінде болған.

"КамАЗ жүргізушісі "Мал айдап өту" белгісі бар жерде 11 бас ірі қара малды қағып кеткен. Сиырлар Қызылтаң ауылының тұрғындарына тиесілі", — делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Ақтөбе облысында асыл тұқымды сиырлар неге қырылып қалды?

Жүк көлігі жүргізушісіне қатысты ӘҚБК 610-бабы (Жол ережесін бұзып, салдарынан біреудің мал-мүлкіне зиян келтіру) бойынша хаттама толтырылған.

Жаңалықтар
0