Жүк көлігі

Тұрақта тұрған КамАЗ үш адамды басып өлтірді

312
(Жаңартылды 21:49 29.08.2018)
Биіктеу жерде тұрақта тұрған 15 тонналық КамАЗ-ды қол тежеуіші ұстап тұра алмады

АСТАНА, 29 тамыз — Sputnik. Өзбекстанда биіктеу жерде тұрақта тұрған КамАЗ-5410 жылжып кетіп, бес адамды басып қалды, үшеуі қаза тапты, деп хабарлайды uz24 Өзбекстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Сурхандарья облысы Байсун ауданында болған. Жүк көлігі Кизирик ауданы тұрғынына тиесілі екені анықталды.

Бастапқы болжам бойынша, қол тежеуіші салмағы 15 тонна КамАЗ-ды ұстап тұра алмаған екен, оның үстіне көлік тұрақта тұрған жер сәл биіктеу болған.

Оқиғаның анық-қанығы тергеліп жатыр.

Әйел адам жұмбақ жағдайда көліктен құлап қаза тапты

312
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, құрбандар, жүк көлігі, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Тежегіші істен шыққан жүк көлігі "Москвичті" жаншып тастады – фото
Тежегіші істен шыққан жүк көлігі ер адамды басып қалды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды
Алматыда тағы бір жаяу жүргіншіні Lexus қағып өлтірді
Загрузка...