Оқиға

Мысырда қазақстандықтар мінген автобус аударылды - фото

© Photo : пресс-служба МИД РКМысырдағы автобус апаты
Мысырдағы автобус апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен қазақстандықтар жедел жәрдем көлігімен Хурагада қаласына жеткізілді

АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Қазақстандықтар зардап шеккен апат туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Жол апаты 29 тамыз күні таңғы 4.30 кезінде Хургада – Каир жолында болған: Қазақстанның 22 туристі отырған жолаушылар автобусы аударылды. Олар Каирға экскурсияға кетіп бара жатыпты.

© Photo : ҚР СІММысырда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады
Мысырда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан
Мысырда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады

Жол апатынан зардап шеккен екі қазақстандық Рас-Гариб елді мекеніне жеткізіліп, сол жердегі ауруханада алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді.

Алматыда автобус апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус апатқа ұшырады: 12 жолаушы ауруханада жатыр

Қазақстан консулының көмегімен жол апатынан зардап шеккен екі азамат жедел жәрдем көлігімен Хургададағы "Әл-Мысри" ауруханасына жеткізіледі.

Сыртқы саясат ведомствосы атап өткендей, қалған туристердің жағдайы қанағаттандырарлық. Олар да Хургададағы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерге қаралған соң демалыстарын жалғастырды.

Алматыда әйел адам жұмбақ жағдайда көліктен құлап ажал құшты

Жүк көлігі бір табын сиырды таптап өтті

Жаңалықтар
0