Алматыда Лада Гранта мен Тойота соқтығысты

Алматыда ірі жол апаты болды: зардап шеккендердің арасында үш бала бар

3870
(Жаңартылды 14:33 13.09.2018)
Алматының орталығындағы жол апатынан зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілді, үш жасар бала ауыр хәлде жатыр

АЛМАТЫ, 9 қыркүйек — Sputnik. Алматыда бүгін болған ірі жол апатынан алты адам зардап шекті. Оның үшеуі – бала, біреуі аса ауыр хәлде ауруханада жатыр. Жол апаты Жандосов және Манас көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Sputnik.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Манас көшесімен келе жатқан Lada көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, өте шыққан уақытта оған Toyota көлігі соғылады. 

Соққының қатты болғаны соншалық, Lada 180 градусқа аударылып түседі, ал Toyota жол жиегіне ұшып кеткен.

  • Алматыда Лада Гранта мен Тойота соқтығысты
    Алматыда "Лада Гранта" мен "Тойота" соқтығысты
    Sputnik
  • Алматыда Лада Гранта мен Тойота соқтығысты
    Алматыда "Лада Гранта" мен "Тойота" соқтығысты
    Sputnik
  • Алматыда Лада Гранта мен Тойота соқтығысты
    Алматыда "Лада Гранта" мен "Тойота" соқтығысты
    Sputnik
1 / 3
Sputnik
Алматыда "Лада Гранта" мен "Тойота" соқтығысты

Екі көліктің де ішінде отырған адамдар зардап шекті. Жедел жәрдем оқиға орнынан ауруханаға алты адамды жеткізді. Олардың үшеуі – бала. 

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың біреуінің хәлі аса ауыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде, ақ халаттылар оның өмірі үшін күресіп жатыр. 

Апат орнында полицейлер жұмыс істеуде. Олар кінәлі адамды анықтады, енді оның рөлді мас не сау күйінде жүргізгені тексеріледі. 

3870
Кілт сөздер:
жол апаты, төтенше жағдай, Алматы
Тақырып бойынша
Павлодар облысында басқарма басшысы отбасымен жол апатынан қаза болды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды
Көпірден ұшып кете жаздады: жол апатынан 9 жасар қыз бен әйел зардап шеккен
Дубайда қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты
Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео
"Әлем миссисі" Сәния Шәкірова зираттың жанында жол апатынан қаза болды
Күшік

Атырауда тоңазытқыш есігімен итті азаптаған видеоға қатысты іс тоқтатылды

163
(Жаңартылды 09:50 03.07.2020)
Облыстық полиция департаментінің өкілдері итке екі рет сараптама жасалып, ешқандай жарақат анықталмағанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желілерде тез таралып, қолданушылардың ашу-ызасын тудырған даулы видео қатысты қылмыстық  іс тоқтатылды.

Ал желіде қызу талқыланған видеода ер азамат иттің мойнын мұздатқыш есігіне қыстырып, азаптаған. Оның осы әрекетіне байланысты құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыстық іс қозғаған болатын.

Атырау облыстық полиция басқармасы өкілдерінің түсіндіруінше, күдіктінің іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 316-бабы (жануарларды азаптау) бойынша қылмыс белгілері болған.

"Алайда, қазір қылмыстық істің тоқтатылғандығы белгілі болды", - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Полицейлердің мәліметінше, азаптаудан кейін итке екі рет сараптама жүргізілгенімен ешқандай жарақат байқалмаған.

"Осы сараптама негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында итті тірідей өртегендер ұсталды
Айта кетейік, итті азаптаған Еркінқала ауылының тұрғыны Марғұлан Жұматаев өз әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official)

163
Кілт сөздер:
ит, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Жасөспірім қызға тиіспек болған педофил итке талана жаздады
Петропавл тұрғыны итті төртінші қабаттан лақтырып жіберді
Сүйіктісін итке жегізген: түрмеге қамалған атақты спортшылар
Итке шалынып құлаған әйел саусақтарынан айырылды
Қаршыға итке бас салды: соңында ешкім күтпеген оқиға болды – видео
Ержан Баяхметов марапатталған сәт

Талдықорғанда суға батқан көлік жүргізушісін оқиға куәгері құтқарды

48
(Жаңартылды 09:06 03.07.2020)
25 жастағы Ержан Баяхметов ерлік үлгісін көрсеткені үшін ведомстволық медальмен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Талдықорған қаласында 25 жастағы жүргізушіні өзенге батып бара жатқан көліктен шығарып алған азаматқа ішкі істер министрлігі құрмет көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты 22 наурызда Талдықорған қаласындағы "Қызыл тас" саяжай тұрғын алабының аумағында болған. Audi 100 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Қаратал өзеніне көпір үстінен құлаған. Ер адам көліктен шығып, жағаға шығуға ұмтылғанымен, өзен ағысы оған мұрша бермеген.

"Оқиғаға куә болған жас жігіт батыл қадам жасап суық суға түседі де жүргізушіні жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейінірек жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнына жетіп, жәбірленушіні ауруханаға жатқызды", - делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент хабарламасында.
Ержан Баяхметов - герой, спасший жизнь утопающему
© Photo : ДЧС Алматинской области
Ерлік көрсеткен Ержан Баяхметов марапатталды

Департамент қызметкерлері құтқарушы жігіттің 25 жастағы Ержан Баяхметов екенін анықтап, оған тиісті деңгейде құрмет көрсетті.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Баяхметов адамды құтқаруда көрсеткен ерлігі үшін ведомстволық "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.

Оқи отырыңыз: Қостанайда ер адам терезеден құлай жаздаған баланы құтқарды – видео

Айта кетейік, бүгінгі таңда ержүрек Ержан Баяхметов жергілікті жердегі техникалық қызмет көрсету станциясында слесарь болып жұмыс істейді.

48
Кілт сөздер:
оқиға куәгерлері, ерлік
Тақырып бойынша
Видеоның арқасында 9 жасар бала әжесін өлімнен құтқарды
Тірідей жанып кетер еді: 72 жастағы қария мүгедек әйелін өлімнен құтқарды
Алматы тұрғыны екі адамды құтқарды - оқиға орнында түсірілген видео
Қазақстанда "медициналық оқыс оқиға" ұғымы енгізіледі
Қайғылы оқиға болған Аягөздегі интернатта коронавирус табылды
Ахмет Байтұрсыновтың 1926 жылы шыққан Әліп-биі

"Ол қазақ қызына тән қайсарлығымен көзге түсті": Әшімбаев Рәбиға Сыздықтың қазасы туралы

0
(Жаңартылды 15:16 04.07.2020)
Оның Кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымына сіңірген еңбегін ашық айтып, мол мұрасын жаңғыртуға талпыныс жасауы ерен ерлікпен тең болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақ тілінің абыз анасы атанған, ұлылардың көзі болған ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Рәбиға Сыздықтың қазасы – ұлтымыз үшін орны толмас қайғы, деп жазды парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Рәбиға Сәтіғалиқызы отандық ғылымның, соның ішінде қазақ тіл ғылымының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға екенін еске алған Әшімбаев оның ғұмыры ана тіліміздің тарихы, қалыптасуы мен дамуын терең зерделеуге арналғанын атап өтті.

"Соңында "Қазақ әдеби тілінің тарихы", "Сөздер сөйлейді", "Сөз құдіреті", "Абай шығармаларының тілі", "Абайдың сөз өрнегі" сияқты ұрпаққа өнеге болар өшпес мұра, іргелі еңбектер қалдырды", - деп жазды ол.

"Сонымен қатар, Рәбиға апай тіл білімін жан-жақты зерттеу арқылы ұлтымыздың тарихи, мәдени, танымдық кеңістігіне, ұлы тұлғалардың өнегелі ғұмырнамасына жаңаша үңілді. Ұлтымыздың біртуар ұлдарының есімдерін жаңғыртып, тарихи әділеттілік орнатуда қазақ қызына тән қайсарлығымен көзге түсті. Кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымына сіңірген еңбегін ашық айтып, оның мол мұрасын жаңғыртуға талпыныс жасауы ерен ерлікпен тең болатын", - деген сенат спикері Рәбиға апайымыз бәріміз үшін ғылымға адалдықтың және ұлтқа аянбай қызмет етудің озық үлгісі бола білгенін атап өткен.

Оқи отырыңыз: Тоқаев майдангер әкесі туралы: Соғыс жайлы айтқысы келмейтін

"Сондықтан апамыздың қазақ руханиятына қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайды және жарқын бейнесі мәңгі жадымызда сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - деп жазды Әшімбаев.

Айта кетейік, 4 шілде күні Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық 96 жасында дүниеден озғаны хабарланған болатын.

0
Кілт сөздер:
тіл, ана тілі, Мәулен Әшімбаев
Тақырып бойынша
Әшімбаев: Дүтбаевты ұстауға ҰҚК өз бетімен шешім қабылдай алмаған
Әшімбаев: ауыл жастарына ағылшын тілін үйрету үшін шетелден еріктілер тартамыз
"Мемлекеттің ресурсы шектеулі": Әшімбаев халыққа бос отырмай, жұмыс істеуге кеңес берді
Әшімбаев президент Атамбаевтың сөзі туралы: сыртқы саяси күштердің ықпалы жоқ
Тоқаевтың сенімді өкілі болған Әшімбаев туралы қызықты деректер