жанармай бекеті

Алматыда қарулы қарақшы жанармай бекетінде қамалып қалды

933
(Жаңартылды 20:40 14.09.2018)
Жанармай бекетіне шабуыл жасаған қарақшы полиция келгенше кассада күтіп тұруға мәжбүр болды

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек — Sputnik. Алматының Жетісу ауданындағы жанармай бекетіне кеше түнде қарақшылық шабуыл жасаған. Бекет қызметкерлері тонаушыны қамап тастап, полиция шақырыпты.

Сағат түнгі екі кезінде жанармай бекетінің кассасы орналасқан ғимаратқа сатып алушы кейпінде жас жігіт кіреді. Ештеңе алмастан, ананы-мынаны қарап, қайта шығып кеткен. Алайда көп ұзамай дүкенге оралады. Бірақ медициналық маска киіп, пышақпен қаруланып алыпты.

"Оны көрген касса қызметкерлері артқы есік арқылы дүкеннен шығып, сыртынан бекітіп тастайды. Жанармай құюшы да тез аңғара қойып, алдыңғы есікті де жауып, полицияға хабар берген", — деп оқиғаны баяндады Алматы қаласы Жетісу ауданы ІІБ басшының қызметін атқарушы Дархан Мұсанов.

Жас жігіт қанша тырысса да, жанармай бекетінің терезесін шаға алмапты. Оның үстіне уақыты да жетпеген сыңайлы: патруль үш минут ішінде келіп жетті. Қылмыскер полицияға қарсылық көрсеткен жоқ.

Белгілі болғандай, 26 жастағы тұрғыны бұдан бұрын тонаушылық жасағаны үшін істі болған екен. 

Шабуыл дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, ал жанармай бекетінің қырағы әрі тапқыр қызметкерлері қарақшыны қолға түсіргендері үшін марапатталуы да мүмкін. 

"Қылмысты алдын ала сезіп, бәрін дұрыс жасаған. Жанармай бекеті қызметкерлері өздері үшін де, өзгелер үшін де қауіпті азайта білді. Қарулы қылмыскерді ғимаратқа қамап тастады. Бұл марапатқа лайық", — деп атап өтті .

933
Кілт сөздер:
полиция, қарақшылық шабуыл, қарулы адам, жанармай, Алматы
Тақырып бойынша
"Үйден шық!". Әкеден қалған дүние үшін ағасы мен жеңгесін балталап өлтірді
Фермерді өлтіріп, мәйітін шошқаға жегізген қазақстандық сотталды
Қарағанды полициясы: күдікті асфальтқа басын ұрып, көз жұмды
Астанада дүкенге шатыр арқылы түскен ұры бақылау камерасына түсіп қалды
Тонаушы теледидарға бола бір отбасыға оқ жаудырғаны видеоға түсіп қалды
Зорлық-зомбылық

Дәретхана суына тұншықтырды: Алматы облысында ер адам өз отбасын көп жыл азаптаған

1113
(Жаңартылды 18:42 07.08.2020)
Күдіктіні полиция ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Балаларды азаптаған ер адам жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Алматы облысында ер адамның көптен бері әйелі мен балаларын аяусыз азаптап келгені мәлім болды. Келіншегін қорқыту үшін ол тіпті үш айлық баласын дәретхана суына тұншықтырған. Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қорының өкілдері хабарлады.

Ерлі-зайыптылар бір жылдан астам уақыттан бері бірге тұрған. Осы уақыт ішінде әбден қысым көрген әйел полицияға хабар беруге қорыққан. Бірінші некеден тоғыз және төрт жасар екі ұлы бар әйелдің соңғы күйеуінен ортақ перзентінің туғанына үш ай болған.

"3 тамызда әйелдің анасы бізге қоңырау шалып, қызының күйеуінен зәбір көріп жатқан сәті түсірілген суреттер жіберді. Оны немересі түсіріп алған екен және мұндай жайт бірінші рет емес көрінеді. Оны біліп қалған ер адам телефондарды жиып, есіктерді жауып алып, оларды көмек сұрау мүмкіндігінен айырған", - деп жазды қордың негізін қалаушы Дина Смайылова.

Қоғамдық қор өкілінің айтуынша, тоғыз жасар бала жуыну бөлмесіндегі су ағызу шүмегін абайсызда сындырып алғаны үшін ер адам оны ұрып-соққан.

"Содан кейін ол анасы мен балаларды ұрып-соғып, денесін көгерткен. Тіпті, үш айлық баланы ұстап алып, әйелін қорқыту үшін дәретхана суына тұншықтырып өлтіруге тырысқан. Әйелдің қабырғасы сынып, бас миы шайқалған. Сондай-ақ, үлкен ұлының да қабырғасы сынып, ауруханаға түсті", - дейді ол.

Зардап шеккен әйелдің анасының айтуына қарағанда, ер адам олардың отбасына үш жыл бұрын келген және бірнеше айдан кейін-ақ әйеліне қорлық көрсете бастаған. Сонымен қатар, әйелдің шешесі ер адам төрт жасар баланы зорлаған болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Дина Смайылова қазіргі кезде балалар қосымша сараптамалық тексерістен өтіп жатқанын мәлімдеді. Ол мұндай сұмдық жағдайға қатысты ақпаратты Іле аудандық полиция бөліміне шұғыл тапсырған.

Қазіргі уақытта ер адам кәмелетке толмағандарды азаптады деген күдікпен қамауға алынды.

"Не молчи" өкілдерінен осындай хабар түскен бойда іске шұғыл кірістік. Әйел өзі мен балаларының зорлық-зомбылық көргенін айтып, арыз жазды. 1976 жылы туған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз: Бала зорлық-зомбылыққа ұшыраса, қайда хабарласу керек – "111" нөмірі қайта іске қосылды

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша (кәмелетке толмағанға қатысты азаптау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

1113
Кілт сөздер:
бала құқығы, зорлық-зомбылық
Тақырып бойынша
Зорлық жасады деген күдікті Нұр-Сұлтандағы аурухананың аумағынан қашып кетті
Түркістан облысының әкімі өңірде неге зорлық жиілеп кеткенін түсіндірді
Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті
Алматыда зорлық-зомбылыққа арандатты деген күдікпен екі адам ұсталды
Балалар зорлық-зомбылығы үшін жазаны күшейту керек пе – президент кеңесшісі пікір білдірді
Химиялық ыдыстар

Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхана әшкереленді видео

1137
Күдіктілер есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша жасырын зертхана ашқан

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген зертхананы анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 27 шілде күні Алматы қаласында екі ер адам ұсталды. Олар арнайы зертханада синтетикалық есірткі өндірген. Құқық қорғаушылар ұсталғандардың үйін, автокөлігі мен зертхананы тінтіп, сатуға дайын 55 келіден астам жоғары сапалы "мефедрон" есірткі затын тәркіледі. Қылмыскерлер оны кристалдап үлгерген.

"Тәркіленген есірткі партиясының "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, қылмыскерлерден ірі сомада шетел валютасы мен атыс қаруы алынды", - дейді тәртіп сақшылары. 

Бұдан бөлек, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 келі есірткі жасауға жететін бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер тәркіленді. Бұл ел тарихында анықталған ең ірі есірткі зертханасы болып отыр. 

"Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалды. Есірткі жасау және өткізу фактісі бойынша мүлікті тәркілеумен он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған. Кейіннен есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша толыққанды жасырын зертхана ашқан. Есірткі өндіру көлемі өнеркәсіппен бірдей болды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 19 жастағы жігіттің есірткі өндіретін зертханасы әшкереленді

Ал оның көлемді партиялары интернет желісіндегі "DarkNet" атты көлеңкелі сегментінде жұмыс істейтін ірі есірткі дүкендерінің өкілдеріне сатылған. Қылмыскерлер төлем ретінде көбінесе биткоинмен есеп айырысып отырған. Олардың айтуынша, өнімдерінің тазалығы мен сапасының жоғары болуына байланысты елдегі ірі қалалардан тапсырыс көп түсіп тұрған.

1137
Кілт сөздер:
зертхана, есірткі сату, есірткі
Тақырып бойынша
"Есірткі шегіп алғансың!". Танымал сарапшы Головкинге қандай баға берді?
Он үш қабырғасы сынған: Есірткі "шеккен" 2 жасар бала әкесінің қолынан өлді
Қазақстанда оқушыларға дәрілік есірткі сатқан 101 дәріхана басшысы жауапқа тартылды
Білім министрлігі Шымкентте есірткі сатқан оқытушыға қатысты мәлімдеме жасады
Енді есірткі сатқандар мен педофилдер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін
Ливанға аттанып бара жатқан Қазақстанның әскери дәрігерлері

Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливан астанасына аттанды

16
Ливан астанасына аттанған әскери дәрігерлердің көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті – Қарулы күштер бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, Қарулы күштердің жеке құрамынан құралған әскери дәрігерлер тобы Ливан астанасына аттанды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан – Ақтау – Бейрут бағыты бойынша ұшты.

"Бүгін таңертең Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін әуе қорғаныс күштерінің әскери-көліктік авиация ұшағы Ливан астанасына аттанды. Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсету болып табылады", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, топ құрамында жоғары білікті хирургтер, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық салаға бейімделген орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

Елдегі Covid-19 эпидемиясына байланысты топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

Айта кетейік, 4 тамыз күні Ливан астанасында әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-ден астам адам қаза болды. Бес мыңға жуық адам жарақат алды. Алайда, ауруханаларда орын жетіспеуінен зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмауда.

16
Кілт сөздер:
әскерилер, көмек
Тақырып бойынша
Тоқаев әскери жағдайда өзінің өкілеттігін кеңейту мәселесін заңдастырды
Ақмола облысында әскери дәрігер пневмониядан көз жұмды
Әскери роботтар өндірісіндегі серпіліс
Ресейдің әскери дәрігерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы госпитальдерде жұмысқа кірісті
Нұр-Сұлтанда иттің үргеніне ашуланған әскери қызметкер ерлі-зайыптының зәресін алды