Оқиға

Көршілеріне қоңырау шалған: ШҚО-да әйел үйінде тірідей өртеніп кетті

© Photo : предоставлено КЧС МВД РКӨрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр
Өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көршілердің айтуынша, әйел өлерден алдын оларға қоңырау шалып, құтқаруды өтінген

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Парыгино ауылында жеке үйдегі өрт кезінде мүгедек әйел қаза болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Тоғыз жасар бала өртеніп жатқан үйден анасы мен екі қарындасын алып шықты

Өрт үйде жалғыз қалған 60 жастағы әйелдің үйінен бейсенбі күні таңғы сағат бесте шыққан. Құтқарушылар атап өткендей, әйелдің жүріп-тұруы қиын болғандықтан үйден өзі шыға алмаған. Ол көршілеріне қоңырау шалып, оларды көмекке шақырған. Дегенмен, жалын үйге жылдам жайылып кетіп, адамдар өртеніп жатқан ғимаратқа кіре алмаған. 

Өрт сөндірушілер бөлімі 35 шақырым қашықтықта орналасқан, сондықтан олар келем дегенше үй толық өртеніп кеткен. Әйел қаза болды. Жалын 80 шаршы метр аумаққа шарпыды.

© Photo : предоставлено КЧС МВД РКӨрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр
Өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр - Sputnik Қазақстан
1/2
Өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр
© Photo : предоставлено КЧС МВД РКӨрттің салдары
Өрттің салдары - Sputnik Қазақстан
2/2
Өрттің салдары
1/2
Өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр
2/2
Өрттің салдары

Алдын ала болжамға сәйкес, өрт отты немесе электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан пайда болуы мүмкін.  


Жаңалықтар
0