Аурухана

Әріптесі оқ атқан полицей ауруханада көз жұмды

86
(Жаңартылды 14:07 27.09.2018)
Дәрігерлер ота жасағанмен, оқ тиген азаматты құтқарып қала алмады

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Алматы қаласында әріптесі оқ атқан полицей ауруханада жатып қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев тілшісіне хабарлады.

"Өкінішке орай, дәрігерлер әріптесі жазым қылған полицейді құтқарып қала алмады. Дәрігерлер ота мен қолдарынан келгеннің бәрін жасағанмен, полиция қызметкері кеше сағат 22.00 кезінде ауруханада көз жұмды", — деді ол.

Күдікті қолға түсті және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өлім фактісіне сәйкес тергеу жұмыстары басталды.

Жуырда жергілікті полиция инспекторының әріптесіне оқ атқаны белгілі болды. Кейін екеуінің туысқан екендері және араларында тұрмыстық сипаттағы кикілжің туындағаны анықталды. Жәбірленуші орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

 

 

86
Кілт сөздер:
туысқан, оқ, тергеу, дәрігер, полицей, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда полицей әріптесіне оқ атты
ОҚО-да ауыл тұрғыны үйіндегі қонақтарға оқ жаудырды
Ақтау тұрғынының көшеде ойнап жүрген балаға оқ атқан сәті видеоға түсіп қалды
Балаға екі рет оқ атқан Теміртау тұрғыны түрмеден құтылып кетті
Оқушы қыз мектепке қару әкеліп, сыныптастарына оқ жаудырды
Маңғыстауда басына оқ тиген жігіт есін жиды
Тонаушы теледидарға бола бір отбасыға оқ жаудырғаны видеоға түсіп қалды
Загрузка...