Астанада контейнерден салынған жатақхана өртенді

Астанада Өзбекстан азаматы өртеніп кетті

399
(Жаңартылды 17:00 01.10.2018)
Контейнерден салынған жатақханада қоқыс өңдеу зауытының 25 қызметкері тұрған

АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Астанада 29 қыркүйек түні түнде контейнерден салынған жатақхана өртеніп кетті. Өрт Байқоңыр ауданында, Алаш тас жолының бойында болды.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, жатақхана аумағында қоқыс өңдеу зауытында еңбек ететін 25 адам тұрған. Өрт таңғы сағат бесте сөндірілді.

Өрт сөндіру алаңында құтқарушылар кәсіпорын қызметкерлерінің бірінің денесін тапты. Марқұм 1990 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты. 

Сарапшылардың есептеуінше, өртенген аумақ 150 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. 

Жалынды сөндіруге 19 өрт сөндіруші мен бес арнайы техника тартылды.

Бір күн бұрын Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ірі өрт болды, медициналық мекеменің ғимаратынан 102 адам қауіпсіз жерге көшірілді. ТЖД мәліметінше, үзіліссіз қуат беру бөлмесіндегі аккумулятор батареялары жанған.   


399
Кілт сөздер:
жатақхана, өрт, Астана
Тақырып:
Астана жаңалықтары (90)
Тақырып бойынша
Көршілеріне қоңырау шалған: ШҚО-да әйел үйінде тірідей өртеніп кетті
Тоғыз жасар бала өртеніп жатқан үйден анасы мен екі қарындасын алып шықты
Ақтөбеде өртеніп кеткен 52 өзбектің туыстары тосын мәлімдеме жасады
Бейнеуде той болып жатқан мейрамхана өртеніп кетті
Павлодар облысында мектеп өртенді: 217 оқушы сабақта отырған
Алматыда дөнерхана өртенді
Загрузка...