Оқиға

Бесінші қабаттың терезесінен салбырап тұрған ер адам жұртты шошытты – видео

© Photo : Pixabay / Gerd Altmannтерезенің ар жағындағы ер адам
терезенің ар жағындағы ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана қаласының ішкі істер департаменті бұл оқиғаға қатысты әзірге ақпарат берген жоқ

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Әлеуметтік желіде бесінші қабаттың терезесінен салбырап тұрған ер адам түсірілген видео тарады. 

Видеоның астындағы жазбада оқиғаның 29 қыркүйекте Астананың оңтүстік-шығысында болғаны айтылған. 

Видеодан ер адамның терезенің тақтайынан әзер ұстанып тұрғанын, құлауға шақ қалған оның көмек сұрап жан даусы шыққанын көруге болады. Ал бұл уақытта пәтердің ішіндегі әйел терезені жауып, оны кіргізбей тұр. 

Мұның қанша уақытқа жалғасқаны және оқиғаға не себеп болғаны белгісіз. Астана қаласының ішкі істер департаменті әзірге ақпарат берген жоқ. 

Бірнеше күн бұрын балконнан салбырап тұрған баланың видеосы тараған еді. Құлап кеткен баланы төмен қабатта тұратын көршісі қағып алады. Ер адамның бұл ісі ешкімді бей-жай қалдырмады, қала әкімшілігі оны марапаттады. 

Жаңалықтар
0