Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында Тойота Мазда жүк көлігіне соқтығысты

Алматыда жүк көлігі аударылып, 10 метрге ұшып түсті

49
Екі көліктің соқтығысуы кезінде жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алды, ол ауруханаға жатқызылды

АЛМАТЫ, 10 қазан – Sputnik. Алматыда Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында шағын жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлады Sputnik-ке құқық қорғау органдары. 

Куәгерлердің айтуынша, Mazda жүк көлігі Момышұлымен солтүстік бағытта келе жатқан. Бұл кезде Toyota Caldina оған қарсы бағытта жүріп бара жатады. Жеңіл көлік жүргізушісі маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, Жаңажол көшесіне солға бұрылмақ болып, жүк көлігіне соқтығысқан. 

Mazda қатты соққыдан аударылып кетіп, шамамен 10 метрге ұшып түскен. Салдарынан екі адам – жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алды. Жүргізуші ауруханаға жатқызылды, ал жолаушыны дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберді.   

  • Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында Тойота Мазда жүк көлігіне соқтығысты
    Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында "Тойота" "Мазда" жүк көлігіне соқтығысты
    Sputnik
  • Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында Тойота Мазда жүк көлігіне соқтығысты
    Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында "Тойота" "Мазда" жүк көлігіне соқтығысты
    Sputnik
1 / 2
Sputnik
Момышұлы мен Жаңажол көшелерінің қиылысында "Тойота" "Мазда" жүк көлігіне соқтығысты
49
Кілт сөздер:
жүк көлігі, жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда жаппай жол апаты болды: инкассатор көлігінің быт-шыты шықты
Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты: екі адам өлді
Алматыда ірі жол апаты болды: зардап шеккендердің арасында үш бала бар
Абхазия премьері көз жұмды: жол апаты болған жерден видео жарияланды
Астанадағы жантүршігерлік жол апаты: КамАЗ бен жеңіл көлік соқтығысты
Загрузка...