Мылтық

Шымкент көшесінде атыс: бір адам көз жұмды

446
(Жаңартылды 09:57 13.10.2018)
Күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды

ШЫМКЕНТ, 12 қазан – Sputnik. Шымкентте кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға  қаланың Самал шағын ауданында болған. Көшеде екі топ бозбала өзара ерегісіп, кикілжің туындаған. Төбелесе кеткен қос тарап кім мықтыны анықтамақ болған көрінеді. Жаппай төбелес кезінде бозбалалардың бірі шолақ мылтықпен құрдасын атып жіберген. Жарақат алған жас жігіт ауруханаға жетпестен, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. 

"Аса ауыр қылмыс болғандықтан, құрықталған күдіктіге күзетпен бұлтартпай ұстау шарасынан басқа шараға тыйым салынды. Адам қазасы болғандықтан кепіл шарасынан бас тартылды. қаласы мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды"-деп мәлімдеді судья Қамшыбек Анарбаев.

446
Кілт сөздер:
ұстау, кісі өлтіру, мылтық, жасөспірімдер, атыс, Шымкент
Тақырып бойынша
Түркістан облысында фермерлер атысты: бір адам мерт болып, екеуі жараланды
Ирактың ең сұлу аруын аяусыз атып өлтірді – қастандықтың видеосы
Министр Батыс Қазақстанда полицейдің өз бастығын неге атып өлтіргенін айтты
Белгісіз біреу ойын кезінде 10 адамды атып өлтірді
Загрузка...