Алматыда жол талғамайтын көлік жиектасқа шығып кетіп, аударылып қалды

Жолдан жүгіріп өткен: Алматыда джип апатқа ұшырап, үш адам жарақат алды

307
(Жаңартылды 09:04 17.10.2018)
Жол апаты салдарынан жүргізуші қыз бен екі бала жарақат алды, олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. Алматыда Назарбаев даңғылында жол апаты болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер. 

Олардың айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі Назарбаев даңғылында солтүстік бағытта келе жатқан.  

Сәтпаев көшесіне жетпей, жүргіншілердің бірі жаяу жүргіншілер жолынан жүгіріп өтуге шұғыл шешім қабылдайды.

  • Алматыда жол талғамайтын көлік жиектасқа шығып кетіп, аударылып қалды
    Алматыда жол талғамайтын көлік жиектасқа шығып кетіп, аударылып қалды
    © Sputnik /

1 / 3
© Sputnik /
Алматыда жол талғамайтын көлік жиектасқа шығып кетіп, аударылып қалды

Көлік тізгіндеген қыз мұны көріп қалып, қағып кетпеу үшін рөлді дереу солға бұрып жіберген, алайда ол ауа райының қолайсыздығына (бұл уақытта қалада жабысқақ қар жауып тұрған) байланысты жиектасқа шығып, екі шыршаны құлатады да, шағын саяжол арқылы ұшып түскен.

Кейін жаяу жүргіншілер жолында бір бүйіріне аударылып қалады. Оқиға куәгерлері көлікті тұрғызуға көмектесті.    

Жол апаты салдарынан үш адам: жүргізуші мен екі бала жарақат алды. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.   

307
Кілт сөздер:
зардап шегуші, жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда жүк көлігі аударылып, 10 метрге ұшып түсті
Алматыда жылдамдықты асырған Mercedes аударылып қалды - фото
Кеме аударылып, құтқарушылар судан 200-ден астам мәйіт алып шықты
Алматыда көлік аударылып, үш ағашты құлатты: екі адам зардап шеккен
Загрузка...