Бала, архив сурет

Ақтауда әйел 9 жастағы ұлын өлтірді

1523
(Жаңартылды 14:19 19.10.2018)
Әйелдің таныстарының айтуынша, ол баласын батареяға байлап, қылқындырып тастаған

АҚТАУ, 16 қазан — Sputnik. Ақтауда әйел адам тоғыз жастағы баласын өлтірді, деп хабарлайды lada.kz.

Басылым дереккөзге сілтеме жасап хабарлағандай, оқиға 14 қазанда 5-ші шағын аудандағы 3-үйде болған. Әйел адам тоғыз жасар ұлының қол-аяғын батареяға байлап, қылқындырып өлтірген. Ер бала №7 орта мектептің үшінші сыныбында оқиды екен.

"Күйеуімен айырылысып кеткен, бірақ әкесі баласымен жиі кездесіп тұратын. Соңғы екі айда өзін бір түрлі ұстап жүрді. Үнемі мектепке барып, ұрысысып қайтатын", — деп еске алады күдіктінің жақын таныстарының бірі.

Күдіктінің танысының сөзіне сүйенсек, әйелді қылмыс орнында ұстапты. Ол айыбын толығымен мойындап, еш қарсылық көрсетпеген.

Төменгі сынып оқушыларының ата-аналарының айтуынша, №7 мектеп-лицейде мұндай хабар тараған жоқ. Мектеп директоры Гүлден Иманғалиеваның сөзіне жүгінсек, бүкіл қажетті мәлімет құқық қорғау органдарына берілген.

1523
Кілт сөздер:
өлтіру, ана мен бала, қылмыстық іс, полиция, Ақтау
Тақырып бойынша
Ордабасыда үш жасар қызды зорлап өлтірді: әкесі күдікке ілінді
Көпбалалы әке 4 жасар ұлын бұтына жібергені үшін аяусыз сабап өлтірді - видео
Тоғыз оқушыны қанжармен өлтірді: қылмыскер өлім жазасына кесілді
Ит қожайынының бес жасар қызын талап өлтірді
Ақмола облысында жүргізуші екі жасар ұлын басып өлтірді
Қытайда профессор әйелі мен қызын доппен өлтірді
Загрузка...