Құтқарушылар

Қырымдағы колледжде жарылыс болды, 10 адам қаза тапқан - видео

323
(Жаңартылды 19:36 17.10.2018)
Бастапқы деректер бойынша, 10 адам қаза тауып, елудей адам зардап шеккен

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Қырымның Керчь қаласында сәрсенбі күні күндіз жарылыс болды – бастапқы деректер бойынша, он адам қаза тапқан, деп хабарлайды РИА Новости.

50 адам зардап шекті. Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Керчь.фм порталының хабарлауынша, жарылыс асханада болып, ғимараттың терезесі шағылған. Зардап шеккендерді тасымалдауға жедел жәрдеммен қатар, қоғамдық көлік те жұмылдырылды. Зембіл жетіспегендіктен, адамдарды есікке жатқызып, ғимараттан алып шыққан.

Теракт болуы мүмкін

Қайғылы оқиғаның бастапқы себебі газдың жарылуы деп хабарланғанымен, қазір теракт болуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Желіде жарияланған видеода колледж директоры Ольга Гребенникова ғимаратқа адамдар басып кіріп, жарылғыш заттарды лақтырып, оқ жаудырғанын айтқан.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков тілшілерге хабарлағандай, мемлекет басшысы Керчь қаласында жарылыс болғанын естіпті.

323
Кілт сөздер:
зардап шеккендер, құрбандар, видео, жарылыс, теракт, Қырым
Тақырып бойынша
Атырауда теракт жасап, шетелге қашып кеткен қазақстандық елге жеткізілді
Бостондағы теракт: қазақстандық студент АҚШ түрмесінен босап шықты
Ағайынды салафиттер теракт туралы хабарлап, полицейлерді соққыға жықты
Алматыдағы теракт: қанды қырғынның ортасында болған адамның әңгімесі
Әйел теракт кезінде қаза тапқан сүйіктісіне тұрмысқа шықты
ДАИШ 8 елде теракт жасайтынын мәлімдеді
Зорлық-зомбылық

Дәретхана суына тұншықтырды: Алматы облысында ер адам өз отбасын көп жыл азаптаған

2807
(Жаңартылды 18:42 07.08.2020)
Күдіктіні полиция ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Балаларды азаптаған ер адам жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Алматы облысында ер адамның көптен бері әйелі мен балаларын аяусыз азаптап келгені мәлім болды. Келіншегін қорқыту үшін ол тіпті үш айлық баласын дәретхана суына тұншықтырған. Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қорының өкілдері хабарлады.

Ерлі-зайыптылар бір жылдан астам уақыттан бері бірге тұрған. Осы уақыт ішінде әбден қысым көрген әйел полицияға хабар беруге қорыққан. Бірінші некеден тоғыз және төрт жасар екі ұлы бар әйелдің соңғы күйеуінен ортақ перзентінің туғанына үш ай болған.

"3 тамызда әйелдің анасы бізге қоңырау шалып, қызының күйеуінен зәбір көріп жатқан сәті түсірілген суреттер жіберді. Оны немересі түсіріп алған екен және мұндай жайт бірінші рет емес көрінеді. Оны біліп қалған ер адам телефондарды жиып, есіктерді жауып алып, оларды көмек сұрау мүмкіндігінен айырған", - деп жазды қордың негізін қалаушы Дина Смайылова.

Қоғамдық қор өкілінің айтуынша, тоғыз жасар бала жуыну бөлмесіндегі су ағызу шүмегін абайсызда сындырып алғаны үшін ер адам оны ұрып-соққан.

"Содан кейін ол анасы мен балаларды ұрып-соғып, денесін көгерткен. Тіпті, үш айлық баланы ұстап алып, әйелін қорқыту үшін дәретхана суына тұншықтырып өлтіруге тырысқан. Әйелдің қабырғасы сынып, бас миы шайқалған. Сондай-ақ, үлкен ұлының да қабырғасы сынып, ауруханаға түсті", - дейді ол.

Зардап шеккен әйелдің анасының айтуына қарағанда, ер адам олардың отбасына үш жыл бұрын келген және бірнеше айдан кейін-ақ әйеліне қорлық көрсете бастаған. Сонымен қатар, әйелдің шешесі ер адам төрт жасар баланы зорлаған болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Дина Смайылова қазіргі кезде балалар қосымша сараптамалық тексерістен өтіп жатқанын мәлімдеді. Ол мұндай сұмдық жағдайға қатысты ақпаратты Іле аудандық полиция бөліміне шұғыл тапсырған.

Қазіргі уақытта ер адам кәмелетке толмағандарды азаптады деген күдікпен қамауға алынды.

"Не молчи" өкілдерінен осындай хабар түскен бойда іске шұғыл кірістік. Әйел өзі мен балаларының зорлық-зомбылық көргенін айтып, арыз жазды. 1976 жылы туған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз: Бала зорлық-зомбылыққа ұшыраса, қайда хабарласу керек – "111" нөмірі қайта іске қосылды

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша (кәмелетке толмағанға қатысты азаптау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

2807
Кілт сөздер:
бала құқығы, зорлық-зомбылық
Тақырып бойынша
Зорлық жасады деген күдікті Нұр-Сұлтандағы аурухананың аумағынан қашып кетті
Түркістан облысының әкімі өңірде неге зорлық жиілеп кеткенін түсіндірді
Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті
Алматыда зорлық-зомбылыққа арандатты деген күдікпен екі адам ұсталды
Балалар зорлық-зомбылығы үшін жазаны күшейту керек пе – президент кеңесшісі пікір білдірді
Химиялық ыдыстар

Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхана әшкереленді видео

1639
Күдіктілер есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша жасырын зертхана ашқан

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген зертхананы анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 27 шілде күні Алматы қаласында екі ер адам ұсталды. Олар арнайы зертханада синтетикалық есірткі өндірген. Құқық қорғаушылар ұсталғандардың үйін, автокөлігі мен зертхананы тінтіп, сатуға дайын 55 келіден астам жоғары сапалы "мефедрон" есірткі затын тәркіледі. Қылмыскерлер оны кристалдап үлгерген.

"Тәркіленген есірткі партиясының "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, қылмыскерлерден ірі сомада шетел валютасы мен атыс қаруы алынды", - дейді тәртіп сақшылары. 

Бұдан бөлек, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 келі есірткі жасауға жететін бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер тәркіленді. Бұл ел тарихында анықталған ең ірі есірткі зертханасы болып отыр. 

"Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалды. Есірткі жасау және өткізу фактісі бойынша мүлікті тәркілеумен он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған. Кейіннен есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша толыққанды жасырын зертхана ашқан. Есірткі өндіру көлемі өнеркәсіппен бірдей болды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 19 жастағы жігіттің есірткі өндіретін зертханасы әшкереленді

Ал оның көлемді партиялары интернет желісіндегі "DarkNet" атты көлеңкелі сегментінде жұмыс істейтін ірі есірткі дүкендерінің өкілдеріне сатылған. Қылмыскерлер төлем ретінде көбінесе биткоинмен есеп айырысып отырған. Олардың айтуынша, өнімдерінің тазалығы мен сапасының жоғары болуына байланысты елдегі ірі қалалардан тапсырыс көп түсіп тұрған.

1639
Кілт сөздер:
зертхана, есірткі сату, есірткі
Тақырып бойынша
"Есірткі шегіп алғансың!". Танымал сарапшы Головкинге қандай баға берді?
Он үш қабырғасы сынған: Есірткі "шеккен" 2 жасар бала әкесінің қолынан өлді
Қазақстанда оқушыларға дәрілік есірткі сатқан 101 дәріхана басшысы жауапқа тартылды
Білім министрлігі Шымкентте есірткі сатқан оқытушыға қатысты мәлімдеме жасады
Енді есірткі сатқандар мен педофилдер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін
Кене

Дәрігер Қытайда анықталған жаңа вирус қаупіне қатысты пікір білдірді

0
Қытайда анықталған SFTS вирусын 60-тан астам адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Дәрігер-вирусолог Евгения Тарасова "Вечерная Москва" басылымына берген сұхбатында тромбоцитопениялық синдроммен байланысты безгектің таралу ықтималдығын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Қытайда SFTS вирусын 60-тан астам адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болғаны хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Адам өміріне аса қауіпті: кене шаққанда не істеу керек?

Аталған инфекцияның қоздырғышы кене болып табылады. Ал адамдар арасында қан немесе шырышты қабық арқылы жұғады.

Ауру белгісі ретінде науқаста жөтел пайда болып, қызба және лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуі байқалады.

"Инфекция ошақтары бір ғана елдің ішінде болғандықтан, бұл вирустың таралуы екіталай", – деп түсіндірді Тарасова.

Виролог қолданыстағы карантиндік шаралар мен шекаралардың жабық болуы инфекцияның Қытай аумағынан тыс жерге таралу ықтималдығын төмендетеді, деп атап өтті.

0
Кілт сөздер:
Қытай, вирус
Тақырып бойынша
WhatsApp-тан хабарлама ұрлайтын жаңа вирус анықталды
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Қытайда тағы бір жаңа вирус шықты
Қытайда соңы өлімге әкелетін жаңа вирус тарала бастады
Оңтүстік Қазақстанда кене шаққан әйел мен бала көз жұмды